қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Молдасанов Ерсайын Мышанұлы

Молдасанов Ерсайын Мышанұлы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Молдасанов Ерсайын Мышанұлы  - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді білім беру  институты, академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  доценті,   филология ғылымдарының кандидаты.

Молдасанов Ерсайын Мышанұлы  1982 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ педагогикалық институтына түсіп,1988 жылы  осы институттың филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын   бітірген

1988-1991 Нарынқол ауданы қызылшекара орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі

1991 - 2012 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Мемлекеттік тіл кафедрасында аға оқытушы, ф.ғ.к., доцент,  2006 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен филология ғылымдарының кандидаты, (Шифр 10.02.02 - қазақ тілі) , 2011 жылдан (Шифр 10.02.00 - тіл білімі) доценті.   2012-2015  жылдары  ҚазақЕ және ӘҚА-ның профессоры, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы. 2015-2017 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті  Жалпы тіл білімі кафедрасында   оқытушы, ф.ғ.к., доценті.2017-2019  жылдары Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 2019 жылдан С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к., оқытушы

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

 Абай атындағы КазПИ

 Қазақ тілі мен әдебиті пәнінің мұғалімі

1988

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

 Филология ғылымдарының кандидаты

 Тіл

2005

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта:    қазақ тілі,   қазақ тілінің стилистикасы және оны оқыту, әдеби тіл

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Практикалық қазақ тілі, Жалпы тіл білімі, стилистика және тіл мәдениеті, тіл тарихы, Қазақ тілінің сөз жасамы, морфологиясы, қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы салалары бойынша 80 мақала, 6 оқу құралын жариялаған.   Жоғары оқу орындарының   орыс тілді аудиториясы үшін:  «Қазақ тілі» оқу құралы  2003, 2007 жыл,  «Қазақ тілін үйрену әліппесі» оқу құралы  2008 жыл, «Қазақ тілі» оқу құралы  2009 жыл, Кәсіби қазақ тілі» оқу құралы  2013,   «Қазақ тілі» оқу құралы    2013 жылдарғы еңбектердің авторы.   «Көркем мәтінді тану мен талдау» 2022  оқу құралдарының авторы.    

 


← Кері оралу