қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2017


Жаратылыстану жән география институтының Қазақстан географиясы және экология кафедрасының 6D011600 - География мамандығының 2 курс PhD докторанты
Салбырова Мақпал Тоқтарбекқызы 05.03.2017 ж. мен 20.03.2017ж. аралығында Мәскеу мемлекеттік педагогика университетінің география факультетінде географияны оқыту педагогикасы кафедрасында ғылыми тағылымдама өтті. 06.03.2017-20.03.2017 ж. тағылымдама барысында кафедраның жетекші мамандарының дәрістері мен семинарларына қатысты: п.ғ.д., профессор Таможния Е.А., п.ғ.к., доцент Беловолова Е.А.., п.ғ.к., доцент Летягина А.А.
Географияны оқыту әдістемесі кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарлары мен ғылыми сессиясына қатысты.
Шетел ғылыми кеңесшісі п.ғ.д., профессоры Е.А. Таможнияның кеңес беру шаралары барысында элективті курстардың мазмұнын түсінудің негізгі әдістемелік амалдары талқыланды.
Шетел ғалымдарының жұмыстарын талдау арқылы зерттеу компоненттерін бөліп алуды үйретті.
Сонымен қатар ММПУ кітапханасында, географияның оқу-әдістемелік кафедрасы кабинетінде, Ленин атындағы Ресей мемлекеттік кітапханасында өзіндік жұмыстар жүргізілді.
Тағылымдама барысында п.ғ.д., профессоры Е.А. Таможнямен бірлескен мақала жазылды. Мақала Ресей басылымдарында жарық көреді.

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler