қазақша · русский · english
 
 
 
 Жақсыбаев Мұрат Бөденұлы
Кафедра меңгерушісі
Биология ғылымдарының кандидаты, Қауымдастырылған профессор
Қазыбек би көшесі, 30
 8-777-756-90-81
zh.murat_1966@mail.ru

 

Кафедра жұмысының бағыттылығы: бакалавриат 5В011300 - Биология; 5В060700 - Биология; магистратура 6М011300-Биология; 6М060700-Биология; докторантура 6D011300-Биология, 6D060700 - Биология.


Кафедрада өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы (Ботаника-1), өсімдіктер систематикасы (Ботаника-2), биохимия, өсімдіктер физиологиясы және генетика, омыртқасыздар зоологиясы, омыртқалы жануарлар, адам және жануарлар физиологиясы атты мамандырылған оқу-зертханалары бар. Кафедрада «Биология ғылымдарының өзекті мәселелері» атты ғылыми семинар, әдістемелік секция, ботаника, зоология, адам және жануарлар физиологиясы, биохимия, өсімдіктер физиологиясы және генетика бағыттарындағы студенттердің «Биология» атты ғылыми үйірмесі жұмыс істейді.


1928 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты алғаш ашылған жоғары оқу орны болып қаланды. Сол кезден бастап, ботаника және зоология кафедралары қалыптасып, Республикамызда биолог мамандарды дайындауда үлкен үлес қосып келеді.


Ботаника кафедрасының алғашқы ұйымдастырушысы және меңгерушісі профессор П.П. Бардаков болды.


Кафедраға Алматы қаласының шығыс бөлігінен жер учаскесі берілді, онда ассистент П.П.Бардакова, оқытушы Березин Л.П. студенттердің тәжірибелік жұмыстарына арналған агробиологиялық станция қалыптастырды. Агробиостанция біртіндеп кеңейіп, оқу ғимараттары мен бірге жылыжайлар салына бастады. Ғалым әрі бағбан В.П.Желудкованың қажырлы еңбегінің арқасында үлкен бақ салынып, онда көптеген жидек дақылдары мен сәндік өсімдіктер отырғызылды.


Көптеген жылдар бойы кафедраны п.ғ.к., доцент Тәліп Мұсақұлұлы Мұсақұлов басқарды. Тәліп Мұсақұлұлы Мұсақұлов қазақ тілінде алғаш жазылған ботаника оқулығының, 6 томдық биологиялық сөздіктің және бірнеше аса бағалы оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Сол кезде кафедра талантты жастармен толықты - Паршин Николай Григорьевич, Григорьева Елена Петровна, Рахимбекова Альфия Кенжалиевна, Дөненбаева Күляш Дөненбаевна, Агитова Күлшат Агитовна, Избасаров Шаймерден Избасарович, Обаев Сакен Несипбаевич, Орынбеков Саин Орынбекович, кейінірек - Ибраева Гуль Бозбетовна, Джакупова Нұржамал Өзбехановна, көптеген жылдар бойы қажырлы еңбек етіп кафедраның көркеюіне үлес қосты.


1985 жылдан 1996 жылға дейін кафедраның меңгерушісі б.ғ.д., проф. Есенбай Агелеуұлы Агелеуов басқарды. Есенбай Агелеуұлы Агелеуов - көрнекті қазақстандық флорист және геоботаник әртүрлі ғылым аспектілері бойынша басылымдардың авторы, Республикада алғаш рет Орал өзені алқабының түрлік құрамын талдауды жүзеге асырған.


1996 жылдан 2018 жылдың қыркүйек айына дейін кафедраны б.ғ.к., профессор Иманкұлова Софья Көпесбаевна басқарды. Иманкұлова Софья Көпесбаевна - "Биология" мамандығына арналған 10 оқулық және оқу-әдістемелік құралдардың және ағылшын тілінде жазылған "Botany" оқулығының негізгі авторы, сонымен қатар 90-нан астам ғылыми мақалалары жарық көріп, кейбіреулері: Scopus, Web of Science және Thomson Reuters журналдарында жарияланған, бір авторлық куәлік иегері.


2001-2015 жылдар аралығында биология бағытындағы кафедралар қайта құрылды, нәтижесінде ботаника кафедрасына генетика, зоология, биохимия және өсімдіктер физиологиясы кафедралары қосылды. Осы уақыт аралығында кафедраларды көрнекті ғалым - педагогтар Мұхамбетжанов Көпжасар Қоғашевич, Демеуов Жамалхан Демеуович, Жатқанбаев Жұмахан Жатқанбаевич, Иманкұлова Софья Көпесбаевна басқарды.


«Биологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының қалыптасуы мен даму тарихы ботаника кафедрасымен тығыз байланысты.


Тек 1969 жылы биологияның оқыту әдістемесі жеке кафедра түрінде ашылған. Кафедраны басқарған еңбек сіңірген ботаник - педагог, ғалым, доцент Т. М. Мұсақұлов. Бірінші кафедра оқытушылары: А. К. Каргулин, С. Ж. Жұмабаев, М. Г. Сагитова, Ш. И. Избасаров, А. Н.Обаев, С. О. Орынбеков, К. И. Иманкулова.


Доцент Ш. И. Избасаров 1978-1979 жылдарында кафедраны басқарған. Өкінішке орай дарынды ғалым өмірден ерте кетіп. 1980-1981 жылдарда кафедра меңгерушісінің қызметін уақытша атқарды доцент К. И. Иманкулова.


Ал 1981 жылы Биологияны оқыту әдістемесі кафедрасы ботаника кафедрамен қайта біріктірілді. Кафедраны 1982-1985 жылдары профессор Ж. Ж. Джаткамбаев, 1985-1991 жылдары профессор Е. А. Агелеуов басқарған.


1991 жылдың қаңтарынан бастап «Жаратылыстану пәндерды оқыту әдістемесі» деген жаңа кафедрасы құрылды.


Үлкен еңбегін кадедраның ашылуына және қалыптасуына бірінші басшысы кафедрасының доценті А. К. Рахымбекова қосқан. Рахымбекова А.К. әртүрлі әдістемелік пәндерді кафедралараға біріктірді. Бұл сияқты:
- биологияны оқыту әдістемесі;
- географияны оқыту әдістемесі;
- химияны оқыту әдістемесі;
- табиғаттану оқыту әдістемесі;
- жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі;
- техникалық құралдар;
- педагогикалық және өндірістік тәжірибе.


1993 жылдан 2001 жылға дейін кафедраны Б. А. Мансұров басқарды. Бұл уақытта кафедраның ғылыми потенциалы жоғары сатыға көтерілді және ғылыми-техникалық базасы нығая түсті.


2004 - 2005 оқу жылдары университет «ұлттық» статусты алғаннан кейін, әдістемелік пәндер химия кафедрасының құрамына бірігіп, химия және жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасы деп аталды. Осы кездері кафедраны профессор, п.ғ.д., Шокыбаев Ж.А. басқарды.


2007 жылдан 2018 жыл аралығында кафедра «Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі» болып аталып, кафедра меңгерушісі Мансуров Б.А. болды.


Ал, 1968 жылы «Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы Абай атындағы ҚазПИ - да «Адам және жануарлар физиологиясы» атауымен алғаш құрылған болатын.


Кафедраның құрылуында бірқатар кафедра меңгерушілерінің ұйымдастырушылық қабілеттіліктері үлкен рөл атқарды: доцент Бахтиозин Б.Х., Алиакбарова З.М., профессор Төленбеков И.М., Демеуов Д.Ж., Рымжанов К.С., Канаев А.Т. Аталған кафедра меңгерушілерінің басшылығының арқасында жоғары мектептің талаптарына жауапты жоғары білікті ұжым қалыптасты.


Ал, 2009 - 2018 жылдар аралығында «Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.д., профессор Ш.А.Балғынбеков атқарды.


2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ботаника және жалпы биология», «Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі» және «Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы» кафедралары бірігіп «Биология» кафедрасы деген жаңа атаумен қайта құрылды.
Бүгінгі таңда кафедра меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жақсыбаев Мұрат Бөдеұлы.


Қазіргі кезде биология кафедрасында 44 профессор-оқытушылар құрамы жұмыс атқарады, 3 ғылым докторы, 20 - ғылым кандидаты, солардың 2 - ҚР БҒМ профессорлары, 8 - Абай атындағы ҚазҰПУ-ң профессорлары, 1 - РҒА (Ресей ғылым академиясының) профессоры, 1 - Абай атындағы ҚазҰПУ-ң қауымдастық профессоры, 6 - доцент, 2 - PhD доктор, 4 - б.ғ.к., аға оқытушы және 8 - магистр аға оқытушы, 5 - аға оқытушы, 7 - магистр оқытушы. Жалпы оқытушылар санына шаққандағы ғылыми дәрежесі және лауазымы бар ПОҚ 68,4 % құрайды.

1505
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler