қазақша · русский · english
 
 
 
 Мукатаева Жазира Сагатбековна
Кафедра меңгерушісі
Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Қазыбек би көшесі, 30
 8-778-368-30-93
jazira-1974@mail.ru

 

Химия кафедрасы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты құрылғаннан кейінгі алғашқы жылдары бірден ашылды (1928 ж.), ол кезде педагогика факультетінде үш кафедра жұмыс істеді: физика-математика, жаратылыстану ғылымдары және лингвистика-педагогикалық.


Химия кафедрасының алғашқы меңгерушісі профессор С.В. Баланин болды, содан кейін кафедра доценттері А.Н. Григоренко мен А.Б. Бектұров (1934-1935) басқарды.


1937 жылы кафедра меңгерушісі қызметіне Ленинградта атақты химик-методист В.Н. Верховскийдің жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғап келген О.А.Суворова тағайындалды (1937-1967 ж.ж.). 1957 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің химия кафедрасында аспирантура ашылғаннан кейін О.А.Суворованың жетекшілігімен бірқатар аспиранттар мен ізденушілер екі негізгі бағыт бойынша әдістемелік зерттеулер жүргізді: пәнаралық байланыс және дидактикалық зерттеулер. Химия пәні бойынша оқу-әдістемелік жұмыстың негізін құруға белсене атсалысқан оқытушылар: Н.И.Нұғманов, Ә.Ф.Сейітжанов, С.М.Мұсабеков, Б.К.Алмашев, А.Мырзабаев, К.А.Нұрымбетов, А.Г.Гатаулин болды.


1968 жылдан 1978 жылға дейін кафедраны доцент С.Р.Омарова басқарды. Осы аралықта ол кісінің басшылығымен аспиранттар мен ізденушілер Н.Б.Баймұханов, Ә.Ф.Сейітжанов, М.Камалов, Л.Л.Увалиева каталитикалық гидрогендеудің механизмі мен кинетикасын зерттеудің электрохимиялық әдістерімен айналысты. Жүргізілген зерттеу жұмыстары Ә.Ф.Сейітжановтың (1972ж.), М.Камаловтың (1973ж.) кандидаттық диссертацияларының негізі болды. 1976 жылы профессор А.Б.Фасман мен доцент Б.К.Алмашевтың жетекшілігімен К.А.Нұрымбетов кандидаттық диссертациясын қорғады.


1975 жылы химия кафедрасы: «Бейорганикалық химия мен химияны оқыту әдістемесі» және «Органикалық химия» кафедрасы болып екіге бөлінді. Кафедраларды Абай атындағы КазПИ-дің түлектері Н.И.Нұғыманов және Ә.Ф.Сейітжанов басқарды. 1987 жылы кафедра қайтадан «Химия және химияны оқыту әдістемесі» болып біріктіріліп 2002 жылға дейін кафедраны Ә.Ф.Сейтжанов басқарды.


Кейінгі жылдары И.Н.Нұғымановтың әдістемелік зерттеулері орта мектепте химия пәнін оқытудың терминологиялық мәселелеріне көбірек көңіл бөлінді.«Химияны оқыту әдістемесі» атты И.Н.Нұғымановтың ең алғашқы қазақша оқулығы жарық көрді (1992 ж.).


XXI ғасырдың басында кафедраның зерттеулері мұнай-химия, полимерлі химия, қоршаған ортаның экологиялық мәселелеріне (Р.Х.Тұрғымбаева, Г.Т.Әзімбаева, Н.Б.Бектенов, Х.Н.Жәнбеков) арналды. Профессорлар Ж.А.Шоқыбаев және Н.К.Ахметов басшылығымен кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізілді.


1993 жылы Ә.Ф.Сейтжановтың қазақ тілінде ЖОО арналған «Органикалық химия» оқулығы басылып шықты және оған 2005 жылы түзетулер енгізіліп қайта басылды. Оқулықтар мен оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды дайындап баспаға шығаруда кафедра оқытушылары белсенді ат салысты. Р.Х.Тургумбаева 1988 жылы «Органикалық химия курсындағы диазоқозоқосылыстарды оқыту»; Х.Н.Жанбеков 2000 жылы «Аналитикалық химия практикумы»; 2002 жылы А.Н.Каримов «Аналитикалық химия негіздері»; 2007 жылы А.Ф.Сейтжанов, Г.Т.Азимбаева орта мектептің 11 сынып оқушыларына арналған «Химия» орысша, қазақша оқулығы; 2007-2008 жж. Х.Н. Жанбеков «Аналитикалық химия І», «Аналитикалық химия ІІ» оқулықтары; Ж.Ә.Шоқыбаев «Бейорганикалық және аналитикалық химия» (2003); Ж.Ә.Шоқыбаев, З.А.Өнербаева, Г.С.Қамиева, Ж.Р.Кожагулова «Бейорганикалық химия практикумы» (2004); И.Н.Нұғыманов, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева «Химияны оқыту әдістемесі» оқулығын қайта шығарды (2005ж.); Шоқыбаев Ж.Ә., З.О.Өнербаева «Химияны оқыту әдістемесінің практикумы»; Шоқыбаев Ж.Ә., Габриелян орта мектепке арналған «Химия» - 8, 9, 10, 11 сынып оқулықтары мен оқыту кешендері «Кітап» (2006); Шоқыбаев Ж.Ә., Бегалиева Ж.У. «Жалпы химия практикумы» (2007); С.Е.Абдугалина, К.Оқас, Ж.Ә.Шоқыбаев «Методика преподавания курса химии на основе системно-структурного подхода» (2009); Шоқыбаев Ж.Ә. «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» және «Элементтер химиясы» (2010); Мукатаева Ж.С. «Химиялық экология» (2010); Жанбеков Х.Н. «Физикалық және коллоидты химия есептері мен жаттығулар жинағы» (2010); Мукатаева Ж.С. «Табиғи және ақаба сулар химиясы» (2011); Сейтжанов Ә.Ф., Азимбаева Г.Т., Назарымбетова Х.А. « Пособие для малого практикума по органической химии» (2012); М.Ж. Жаксыбаев, З.С.Ахатова «Аналитическая химия» (2012); М.Ж. Жаксыбаев, З.С.Ахатова «Физическая коллоидная химия» (2012) оқулықтары баспадан шықты.


2002 жылдан бастап п.ғ.д., профессор Ж.Ә.Шоқыбаев химия кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Кафедраға химия, биология және география пәндерін оқыту әдістемесі қосылғаннан кейін кафедраның аты «Химия және жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасы болып өзгертілді.


2008 жылы «Химия» кафедрасынының құрылымына өзгерістер енгізіліп: «Жалпы және органикалық химия» кафедрасы және «Бейорганикалық химия» кафедрасы болып екіге бөлінді. «Бейорганикалық химия» кафедрасын п.ғ.д., профессор Ж.Ә.Шоқыбаев,«Жалпы және органикалық химия» кафедрасын п.ғ.д., профессор Н.К.Ахметов басқарды. 2014 жылы кафедралар «Химия» кафедрасы болып біріктіріліп, кафедра меңгерушілік қызметті п.ғ.д., профессор Н.К.Ахметов атқарды. 2018 жылы «Химия» кафедрасының меңгерушісі болып х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.С.Мұқатаева тағайындалды.


2014 жылы Н.К.Ахметов пен Ж.Ә.Шоқыбаевтың «Химиялық сапалық талдауда инновациялық оқыту әдістемесі» және «Орта мектеп, ЖОО-да химияны оқытудың сабақтастығы негізінде инновациялық оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету» ғылыми еңбектері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың гранттарын жеңіп алды: 2018 жылы профессор Н.К.Ахметов «Использование информационно-компьютерных технологии при обучении химии с помощью игрового обучения» атты еңбек ҚР БҒМ жобасын ұтып алды.


ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына 2010 жылы профессор Г.И.Мейірова, 2018 жылы доцент Р.Х.Тургумбаева қатысып жеңіп алды.


Химия кафедрасында 1000 жуық ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар жасалынды. Оның ішінде 10 монография, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 60-тан астам оқулықтар мен оқу құралдары бар.


Бакалавриаттағы 5В011200-«Химия» және магистратураның 6М011200-«Химия» мамандықтары халықаралық аккредитациядан өтіп, сертификатталған.

 

Кафедра туралы қысқаша тарихи мәлімет

 

 

 


1302
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler