
 
| Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар 
22.10.2025 
 «Достық көпірі: мәдениеттер тоғысында» атты психологиялық тренинг өтті 2025 жылдың 22 қазанында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен Foundation факультетінің 1 курс студенттерімен «Достық көпірі: мәдениеттер тоғысында» атты психологиялық тренинг өтті. 
 Психологиялық тренингтің мақсаты - шетелдік студенттерге жаңа өмір жағдайларына тиімді бейімделу дағдылары мен стратегиясын қалыптастыруға, қарым-қатынас пен байланыс орнату дағдыларын жақсартуға, психологиялық икемділік пен өзгерістерге дайындықты және жаңа жағдайларға тиімді жауап беру қабілетін дамытуға көмектесу. Студенттерді бір-бірімен таныстыру және топта тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында тренинг «Танысу шары» жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде студенттердің ішкі қысымдарынан арылуға және өз ресурстары мен жетістіктерін бақылауға бағытталған «Мінсіз шаршы» және «Тізбек» ойындары өткізілді. Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру мен бейімдеу және белсенді тыңдау дағдыларын дамыту мақсатында «Естеліктер қабырғасы» және «Салют» жаттығулары өткізілді. 
 Рефлексия барысында арт-терапия форматында студенттер мәдениетаралық қарым-қатынастар туралы түсініктерін бейнелеп, бір-бірімен жеке тәжірибелерімен және тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. 
 Тренингке университетіміздің Foundation факультетінің 30-қа жуық студенттер қатысты. 
 
 
 
 
 Психологиялық қолдау қызметі 
 Кері оралу | 
| 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 | Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
 | «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
 |