қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
21.11.2025

AlmaU университетінде «Psycho Express» шарасы өтті


2025 жылдың 21 қарашасында ҚР «Қауіпсіз орта» үйлестіру кеңесі жобасы аясында Алматы Менеджмент Университетінде «Psycho Express» психологиялық экспресс-консультациялық іс-шарасы өтті.


Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Психологиялық қолдау қызметінің психологтары - Саида Қосбай мен Алия Мусанова қатысты. Іс-шара барысында психологтар Алматы Менеджмент Университетінің студенттеріне экспресс-консультация жүргізді. Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған мәселелер мен сауалдарын мамандармен талқылауға, практикалық ұсыныстар алуға және психологиялық денсаулықты нығайтуға, тұлғалық өсуге бағытталған әдістемелерді меңгеруге мүмкіндік алды.


«Psycho Express» психологиялық экспресс-консультациясы университеттегі Психологиялық қолдау қызметтерінің жұмысын және психологиялық қызметті кең таратуға ықпал етіп, студенттердің кәсіби көмекке тиімді қол жеткізе алатын, ашық пікір алмасуға және эмоционалдық әл-ауқатын арттыруға арналған қолайлы орта қалыптастырады. 

 

   

 

 

 

 

Психологиялық қолдау қызметі




Кері оралу