қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
15.10.2025

Абай университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасымен кездесу өтті


«2025 жылдың 15 қазанында Абай университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері университеттің белсенді білім алушыларымен кездесті.

 

Кездесуді Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов ашып, жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында басқарманың негізгі мақсаттары, міндеттері және жастарға арналған жобалары таныстырылды.

 

Жастар саясаты басқармасының өкілі Беккайров Нұрсұлтан Болатұлы жастардың сұрақтарына жауап беріп, қала жастарына арналған жаңа мүмкіндіктер туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

 

Кездесу еркін форматта өтті, студенттер белсенділік танытып, пікір алмасуға қатысып отырды. Іс-шара соңында университет жастары алдағы уақытта басқарманың жобалары мен бастамаларына белсенді түрде қатысуға ниет білдірді..

 


  alt=  

  alt=  




Кері оралу