қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
19.12.2025

Жатақханада «Емтиханға сенімді қадам» атты психологиялық тренинг өтті

 

2025 жылдың 15 желтоқсан және 17 желтоқсан күндері Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Емтиханға сенімді қадам» тақырыбында жатақхана студенттерімен психологиялық тренинг өтті.

 

Психологиялық тренингтің мақсаты - студенттердің емтихан алдындағы мазасыздығын төмендету, психоэмоционалдық тұрақтылығын арттыру, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, стресс жағдайларын тиімді басқару және емтиханға психологиялық тұрғыда дайын болуына қолдау көрсету.

 

Тренингке қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында «Қозғалыс пен есім» жаттығуымен басталды. Емтиханға деген көзқарастары мен қорқыныштарын анықтауға арналған «Ашығын айтқанда...», «Емтихан образы» сынды психологиялық жаттығулар жүргізілді. Сонымен қатар, студенттердің ішкі үрейі мен қорқынышын жеңуге, ашық болуға бағытталған «Ми орталығы жаттығуы» жүргізілді. Тренинг барысында психолог студенттерге нейрогимнастикалық және диафрагмалық тыныс алу жаттығуларын көрсетті.  Тренинг соңында, студенттер қызықты пікірталас арқылы ой тұжырымдамалар жасап, «Жылы тілектер» жаттығуы арқылы кері байланыс берді.

 

Психологиялық тренингке университетіміздің №1 және 2 жатақханасынан 50-ге жуық студент қатысты.

 

 

   

 

 

 

Психологиялық қолдау қызметі

 

 

 




Кері оралу