Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
03.10.2025
«Таңдауың – жарқын ертеңің» атты профилактикалық дәріс өтті 2025 жылдың 3 қазанында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Сергей Скляр психотерапиялық орталығымен» құрған меморандум аясында «Таңдауың – жарқын ертеңің» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты - психикалық денсаулықтың маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру, суицидтік белгілерді тану дағдыларын қалыптастыру, эмпатия, өзара көмек, өзіне және айналасындағыларға жауапкершілік құндылықтарын тәрбиелеу және студенттер арасында психикалық әл-ауқатқа қамқорлық жасау мәдениетін құру арқылы суицидтік тәуекелдердің алдын алу.
Дәрісті «Сергей Скляр психотерапиялық орталығының» ғылыми қызметкерлері клиникалық психолог Болатова Айғаным Мауленқызы және психолог Абдамова Дина Абдурахимовна өткізді. Қатысушылар психикалық денсаулық мәселелеріне арналған өзекті және маңызды тақырыптарды талқылады. Бұл сұрақтар белсенді пікірталас тудырды. Онда қатысушылар психологтарға сұрақтар қойды, өз ойларымен бөлісті және жеке тәжірибелерінен мысалдарды талқылады. Студенттер үлкен қызығушылық танытты, талқылауға белсенді қатысты. Мұндай кездесулер психикалық денсаулық туралы түсініктерін арттырып қана қоймай, сонымен қатар жастарға психикалық әл-ауқатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
Дәріске Абай университетінің 150-ге астам білім алушылары қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|