«Алматы, сәлем!» тақырыбындағы мини-видеолар байқауы
 
2019 жылдың 23 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Конфуция институты Алматы қаласының жоғары оқу орындарында қытай тілі кафедрасында оқитын студенттер арасында «Алматы, сәлем!» тақырыбында мини-видеолар байқауын өткізді.
 Байқауға Алматының жеті университеттерінің студенттері қатысты.  Абай атындағы ҚазҰПУ-дан 4-ші курс студенттері Сауле Тулешова  мен Жалил Кушир қатысты. Сәуле Тулешова  ұсынған видео (жетекшісі - магистр, аға оқытушы Әсел Алмабекова) үздік деп танылып,1-ші орынға ие болды.  Джалил Кушир  өз жұмысымен (жетекшісі - п.ғ.к., профессор Гүлия Алиханқызы) 2-ші орын алды.
 Қатысушылар мен олардың жетекшілеріне жарыс ұйымдастырушыларының атынан сертификаттар мен кәдесыйлар тапсырылды.
 
 
  
 
 
  
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы