қазақша · русский · english
   
Халықаралық қызмет

 

Кафедрада халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту жұмыстарына ерекше назар аударылады. Кафедра оқытушылары Чехияда, Австрияда, Польшада, Англияда, Алманияда, Грекияда, Түркияда, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің Қазань, Челябинск, Уфа, Тамбов, Симферополь, Новосібірде, Мәскеуде, Нежин, Пермь және т. б. сынды қалаларында да ғылыми баяндамалар жасады.


Практикалық тілдер кафедрасы жетекші оқу орындарымен, ғалымдармен, түрлі елдердің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста болатын халықаралық қатынастарға ерекше көңіл бөледі.


2016 жылдың 20 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Пушкин институты» орталығының әріптестік желісінің салтанатты ашылу өтті. Орталықтың негізінде Орыс тілі мұғалімдеріне арналған кәсіби біліктілікті жоғарлату курстарын, түрлі санаттарға арналған орыс тілін оқыту курстарын, орыс тілі бойынша сертификаттау тестілерін дайындау мен өткізу, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу, сонымен қатар қашықтықтан оқыту технологиялары мен ашық білім беру ресурстары арқылы оқыту жұмыстары көзделіп отыр. «Пушкин институты - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» әріптестік желісінің ресми өкілі және жетекшісі біздің кафедрамыздың профессоры Бақытгүл Жұмағұлова. Жыл сайын, Пушкин атындағы Орыс тілі институты (РФ) арасындағы келісімге сәйкес, біздің кафедрамыздың негізінде «Пушкин институты - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» әріптестік желісінің шеңберінде орыс тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары, Ресей Федерациясының жетекші мамандарының және кафедраның профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер және шеберлік сыныптары өткізіледі.


Сонымен, 2016 жылдың 19 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да орыс тілін зерттеушілерге арналған білім беру -ағартушылық іс -шаралары өткізілді. «Пушкин институты» серіктестік желісі аясында ф.ғ. кандидаты, доцент, Арина Жукова Геннадьевна, орыс әдебиеті және мәдениетаралық қарым-қатынас кафедрасының меңгерушісімен Орыс тілін оқыту бойынша ТМД мемлекет-қатысушыларының Базалық ұйымы кеңесі бағыты аясында Пушкин институтының білім беру және ағарту бағдарламалары таныстыру мақтасында презентация өткізді; Орыс тілі шетел тілі ретінде Дайындық факультетінің доценті, ф.ғ.к. Паремузашвили Эка Элгуджевна Мемлекеттік орыс тілі шетел тілі дайындық факультетінің бағдарламасын ұсынды; шетелдік мамандарды даярлау кафедрасының доценті Шурупова Ирина Викторовна А.С. Пушкин атындағы Орыс тілі институтындағы сертификаттау тестілеу жүйесі туралы толық ақпарат берді; шетелдік мамандардың тағылымдама кафедрасының оқытушысы Труханова Дарья Сергеевна «Орыс тіліндегі білім «ресурстар порталы»» атты презентация жасады; 2017 жылдың 14-15 қарашасында орыс тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында «Орыс тілін оқытудағы заманауи білім беру технологиялары» атты курстары өткізілді. Курсты Алматы қаласының жоғары оқу орындарының 16 оқытушысы қатысты. Лектор- Наталья Владимировна Кулибина, профессор, педагогикалық ғылымдарының докторы, Мемлекеттік А.С. Пушкин атындағы Орыс тілі институтының Үздіксіз білім беру және инновация басқармасының ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы.


Кафедраның халықаралық байланыстардын нығайту мақсатында жақын және алыс шетелдің кафедралар арасымен және білім беру мекемелерімен, оқу орындарымен ( Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, және т.б.), (Польша, Словения, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея, Ұлыбритания) алдағы өзекті жобалар туралы және болашақ ғылыми шараларды талқылау үшін хат-алмасу жұмыстары үнемі жүргізіледі. Мәскеу мемлекеттік аймақтық университетімен, Н. И. Лобачевский атындағы Нижегород мемлекеттік университетімен жақын ғылыми байланыстар орналасқан. Сондай-ақ, «Еуропаның жүрегінде орыс тілі» (Словения) журналының редакциялық алқасымен серіктестік құру туралы хат алмасу жұмыстары жүргізіліп келуде. Жалпы, практикалық тілдер кафедрасының халықаралық байланыстарының шеңберіннің даму келешегі жыл сайын кеңеуде. Халықаралық байланыстардың айғағы ретінде кафедра профессор-оқытушылар құрамының шетелдік басылымдарындағы жарияланымдарын, кафедра оқытушыларының халықаралық ғылыми форумдарға, конференцияларға белсенді қатысуын атап айтуға болады.


Кафедра профессор-оқытушылар құрамы алыс және жақын шет елдердің ғылыми ұйымдарымен және университеттерімен тығыз байланыста.


Шетелдік ғылыми ұйымдармен және университеттермен ынтымақтастық түрлі жолдармен жүзеге асырылады:
- біліктілікті арттыру;
- ғылыми тағылымдамалар;
- халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, сайыстарға және конгресстерге қатысу;
- шетелдік әріптес университеттерден дәрістер беру, біліктілігін арттыру курстарын өткізу үшін әріптестерді шақырту;
- Мемлекеттік А.С. Пушкин атындағы Орыс тілі институтының негізгі ұйымы жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысу;
- таяу шетелде кафедра оқытушыларының дәріс оқуы, шеберлік сыныптарын өткізуі;
- магистратура мен докторантурада білім алу.

 

 

 

Аты-жөні, ғылыми атағы, лауазымы

 

 

 

Сапардың мақсаты

 

Ел, сапар күні

1

Шаханова Р.А., кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Халықаралық ғылыми

семинарға қатысу

Таллин қ, Эстония

04-06.2012 ж.

2

Қажығалиева Г.А.,

п. ғ. д., проф.

Іс-шараны ұйымдастыру комитетінің шақыруы бойынша XIII Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының  халықаралық ассоциациясы  Конгресінің жұмысына қатысу, «Педагогикалық университетінде орыс тілін оқытуға лингвистикалық және мәдени көзқарас шеңберінде орыс мәдениетін дамыту туралы» атты  баяндамасын  ұсынды; жарияланым бар.

Қытай, қ. Шанхай, 5 - 15 мамыр 2011ж.

3

Қажығалиева Г.А.,

п. ғ. д., проф.

Ресей университетінің шақыруы бойынша Башқұрт мемлекеттік университетінің филология факультетінде дәрістер оқу, сондай-ақ «Тілдік тұлға: Лингвистика. Лингво-мәдениеттану. Лингводидактика» халықаралық қатысуымен Бүкілресейлік ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысу және «Лингводидактикадағы лингвомәдениеттану туралы» баяндамасын ұсыну; жарилауы бар

Ресей Федерациясы, Башқұртстан, Уфа қаласы, 7 - 15 қараша 2011 .

4

Маймақова А.Д., фил.ғ.к., доц.

Ғылыми тағылымдама

РФ, қ. Мәскеу, А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты, 25.08-11.09.2011 ж.

5

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

Біліктілікті арттыру

қ.Дюссельдорф, Германия, 17.10.2012-31.01.2012 ж.

6

Ақбембетова А.Е.

п.ғ.к., доц.

Біліктілікті арттыру

қ.Дюссельдорф, Германия, 17.10.2012-31.01.2012 ж.

7

Қажығалиева Г.А.,

п. ғ. д., проф.

Варшава университеті шақыруымен «Орыс тілі Еуропа мен әлемнің тілдік және мәдени кеңістігіндегі орыс тілі: адам, сана, байланыс, интернет» 5-ші Халықаралық ғылыми конференциясы жұмысына қатысу және "тақырыбында баяндама жасады «Қазақстанның ЖОО-да орыс тілі сабақтарында оқу мәтіні, поляк есімнама, лингвомәдениеттану әдістемесі»; бар жариялау

Польша,  қ. Варшава, 8 - 13 мамыр 2012 ж.

8

Маймақова А.Д., фил.ғ.к., доц.

Біліктілікті арттыру

 Польша Республикасы, қ. Ольштын, Ольштындегі Варминско-Мазурск университеті ,

17-29.09.2012 ж.

9

Қажығалиева Г.А.,

п. ғ. д., проф.

«Еуропалық интеграция контексіндегі гуманитарлық ғылымдардағы жаңа бағыттар» біліктілікті арттыру курстары бойынша оқу-тақырыптық курстар, Вармия-Мазури университеті, 120 сағат.

Польша, Устка қ, 30 маусым - 13 шілде 2013 ж.

10

Шинтемирова А.М., аға оқытушы.

Жаңа технологиялар бойынша қытай тілінің қарқынды курстары.

Біліктілікті арттыру

Шынжаң педагогикалық университеті 01-28.07.2013 ж.

11

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф..

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысу

Ресей, қ. Барнауыл

19-21.09.2013  г.

12

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

«Көптілділік және мәдениетаралық қарым-қатынас» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысу

 Карлов Университеті, қ. Прага, 10.10.- 15.10.2013 ж.

 

13

Қадырова Г.Р., фил.ғ. кандидаты , доц.

Ғылыми тағылымдама

РФ, қ. Мәскеу, А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты  07.10- 03.11. 2013 ж.

14

Есімбек С. Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің  магистранттарының  қосымша оқу бағдарламасының пәні бойынша «А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік университеті» жоғары кәсіби білім берудің федералдық бюджеттік білім беру мекемесінде тағылымдамадан өту   110 сағат көлемінде (10 ауди.)

 Ресей (Санкт-Петербург )

18-28.11.2013 ж.

15

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

Нийде  университетінің түркітанушылар симпозиумына қатысу

Нийде қаласы (Түркия),  16-23 наурыз  2014 ж.

 

16

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф..

Қорытындылар мен перспективалар:

«Халықаралық ұйымдар мен ғылыми ынтымақтастық» Concord бағдарламасы бойынша тағылымдама,  сондай-ақ «Франция және ТМД-дағы жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастығы» атты семинарына қатысу

 Париж и Ницце  қалалары (Франция),

2014 ж.

17

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

Жоғары техникалық институтында біліктілікті арттыру курстары

 Лиссабон қаласы (Португалия), 01-10 мамыр 2015 ж.

18

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының  халықаралық ассоциациясының   13-ші Конгресіне қатысу

Гранада қалаасы  (Испания),

01-10  маусым  2015 ж.

19

А.М.Нұрбаева  PhD доктор, аға оқытушы

«Педагогикалық бастама» халықаралық байқауына қатысу

Ресей Федерациясы, қ. Мәскеу, ММПУ

5-12 қазан 2016 ж.

20

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

«Жоғарғы білім жүйесінде заманауи педагогикалық технологиялар туралы» семинар

Түркия,  Мугла университеті,  09-18.11.2016 ж.

21

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

Мугла университетінің 2 курс студенттеріне арналған «Қазақ тілін оқытудың заманауи әдістері» атты дәріс

Түркия,  Мугла университеті,  09-18.11.2016 ж.

22

Жұмағұлова Б.С., ф.ғ.д., проф.

Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушысы.

Білім беру бағдарламаларын іске асырудың өзекті мәселелері.

Ресей, қ. Мәскеу,  21-23 қараша 2016 ж.

23

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

Заманауи инновациялық технологиялар бойынша шеберлік сыныбы

Қырғыз білім беру академиясының педагогика және кәсіптік білім лабораториясының қызметкерлеріне және Шу облысының орта мектептерінің  мұғалімдеріне арналған  шеберлік сыныбы,  2016жыл.

24

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

III Түрік әлемінің Халықаралық зерттеу симпозиумы.

25-27.05.2016 ж. қ.Баку

25

Жумагулова Б.С., д.ф.н., проф.

А.С. Пушкин атындағы Орыс тілі институтының мемлекетінің базалық ұйымындағы Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысу.

Ресей, қ. Мәскеу,  2014 - 2017 жж.

26

Шинтемирова А.М., аға оқытушы.

Орыс әдебиетін оқытудағы негізгі мәселелер. Ғылыми-әдістемелік семинар.

Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті,  орыс және славян филологиясы факультеті, 04.05.2017 ж., Қырғызстан, қ.Бішкек

27

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

«Тілдерді оқытудың теориясы мен әдістемесі» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары

Қырғыз Республикасы, Бішкек, 8.01.-19.01.2018ж.  (72 сағат).

28

Шаханова Р.А.,

каф.меңгерушісі, п.ғ.д., проф.

 Бішкектегі орта мектептерде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында инновациялық технологиялар бойынша ашық сабақ өткізу.

Қырғыз Республикасы, Бішкек, 2018 жылдың11 қаңтар

29

Қадырова Г.Р.

фил.ғ.к., доц..

Ғылыми тағылымдама

Свечадағы  Лингвистикалық және Техникалық Университеті, Пшаснышегі  филиалы,  09 - 19 наурыз 2018 ж.

30

Проф. Шаханова Р.А., Кажигалиева Г.А., проф. Жұмағұлова Б.С., доц. Маймакова А.Д., доц. Қадырова Г.Р.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің желісі бойынша ғылыми жобаның шеңберінде «Тұрақты даму және гуманитарлық ғылымдардағы өзекті мәселелер» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысу

Баку (Азербайджан), 11-18 мамыр  2018 ж.

31

Шинтемирова  А.Д.

Магистратурада білім алу

Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің орыс және слависттік филология факультетінде орыс тілі теориясы мен практикасы кафедрасы., 531000 - «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша «филология (орыс)», 2016-2020 жж.