қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
21.10.2025

 

«Өмір - ең маңызды құндылық» тақырыбындағы психологиялық тренинг өтті


2025 жылдың 21 қазанында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен Сорбонна-Қазақстан институтының 1 курс студенттерімен «Өмір - ең маңызды құндылық» атты психологиялық тренинг өтті.

 

Тренингтің мақсаты - студенттердің суицидтік мінез-құлық қаупі факторлары туралы хабардарлығын арттыру, өз сезімдері мен өзге адамдардың күйін тану қабілетін дамыту, эмоционалды тұрақтылық пен өзін-өзі қолдау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ өмірге саналы және құндылық тұрғысынан қарауды нығайту.

 

Студенттердің бір-бірімен жақынырақ танысуы және топта сенімді атмосфера қалыптастыру мақсатында тренинг «Энергетикалық шеңбер» жаттығуымен басталды. Тренингтің негізгі бөлімінде топтық өзара әрекеттестікті дамытуға, тірек пен өзара көмекті сезінуге, жеке ресурстар мен өзін-өзі қолдау тәсілдерін өзектендіруге бағытталған «Өткел» және «Менің тыныштық аралдарым» жаттығулары өткізілді.

 

Қорытынды бөлімде «Өзіңе арналған хат» жаттығуы жүргізіліп, студенттер кері байланыс беріп, жеке тәжірибелерімен және тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.

 

   

 




Кері оралу