қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
30.09.2025

Абай университетінде тәлімгерлік жұмыс ережесі түсіндірілді


2025 жылдың 29 қыркүйегінде Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Мухашев Жасұлан Ерланұлының қатысуымен «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Басқармасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі №17 хаттамасының шешімімен бекітілген Профессор-оқытушылар құрамының тәлімгерлік жұмысы туралы ережені түсіндіру бойынша мәжіліс өтті.


Жиынға университет бойынша тағайындалған 127 тәлімгер қатысты. Басқосуда Ж. Ерланұлы тәлімгердің негізгі міндеттері мен тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру тәртібін түсіндірді. Атап айтқанда, студенттердің тәрбие және әлеуметтік жағдайына мониторинг жүргізу, апталық кураторлық сағаттар өткізу, жаңа қабылданған студенттердің университетке бейімделуіне ықпал ету, ата-аналармен байланыс орнату, сондай-ақ білім алушылардың құқықтарын қорғау мен моральдық-психологиялық қолдау көрсету мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар, тәлімгерлердің жеке жұмыс жоспарын бекіту, кураторлық сағаттарды айына кемінде екі рет өткізу, семестр соңында есеп тапсыру және тәлімгерлік жұмыстың нәтижелерін бағалау тәртібі нақтыланды. Мәжіліс барысында тәлімгерлер өз сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

 

 

  alt=    alt=  


 

  alt=    alt=  


 

  alt=    alt=  


 

  alt=    alt=  


 

  alt=    alt=  





Кері оралу