
 
| Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар 
09.10.2025 Астана қаласындағы «Білім беру» институтында «Қош келдің, Student!» қабылдау кеші өті 2025 жылдың 9 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Астана қаласындағы «Білім беру» институтында жаңа оқу жылының басында дәстүрлі «Qosh keldin, Student» қабылдау кеші ұйымдастырылды. 
 Іс-шараны институт деканы Дінислам Болатханұлы ашып, алғашқы курс студенттерін университеттің үлкен отбасының жаңа мүшелері ретінде қарсы алып, сәттілік пен табыс тіледі. Кеш барысында 1-курс студенті Абілазым Рабия университет студенттік антын қабылдап, бұл сәт жаңа буынның жауапкершілігін арттырған әсерлі рәсім болды. «Qosh keldin, Student» кешінің ерекше бөлігі — университеттің талантты жастарының өнер көрсетуі. Әлеуметтік желіде кеңінен танылған «Абайымнан тапқаным» әнімен басталған концерт Айдай би тобының әсерлі би қойылымымен жалғасты. Сондай-ақ, Райымбек Полатұлы мен Ақнұр Таңаттың әсем әндері кештің көркін қыздырып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. 
 Бұл шара студенттердің бірлігін нығайтып, шығармашылық әлеуетін ашуға және университет рухын көтеруге бағытталған жарқын мерекелік кеш болды. 
 
 Кері оралу | 
| 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 | Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
 | «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
 |