қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
09.10.2025

Астана қаласындағы «Білім беру» институтында «Қош келдің, Student!» қабылдау кеші өті


2025 жылдың 9 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Астана қаласындағы «Білім беру» институтында жаңа оқу жылының басында дәстүрлі «Qosh keldin, Student» қабылдау кеші ұйымдастырылды.

 

Іс-шараны институт деканы Дінислам Болатханұлы ашып, алғашқы курс студенттерін университеттің үлкен отбасының жаңа мүшелері ретінде қарсы алып, сәттілік пен табыс тіледі. Кеш барысында 1-курс студенті Абілазым Рабия университет студенттік антын қабылдап, бұл сәт жаңа буынның жауапкершілігін арттырған әсерлі рәсім болды. «Qosh keldin, Student» кешінің ерекше бөлігі — университеттің талантты жастарының өнер көрсетуі. Әлеуметтік желіде кеңінен танылған «Абайымнан тапқаным» әнімен басталған концерт Айдай би тобының әсерлі би қойылымымен жалғасты. Сондай-ақ, Райымбек Полатұлы мен Ақнұр Таңаттың әсем әндері кештің көркін қыздырып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Бұл шара студенттердің бірлігін нығайтып, шығармашылық әлеуетін ашуға және университет рухын көтеруге бағытталған жарқын мерекелік кеш болды.

 


  alt=




Кері оралу