
  
Негізгі бет /
Хабарландыру
27.02.2017 
 Педагогика ғылымдары бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасы 
 2017 жылдың 10-12 сәуірі аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында педагогика ғылымдары бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасы өткізіледі . Олимпиадаға жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша педагогикалық мамандар даярлайтын барлық жоғары оқу орындарының командалары шақырылады. Олимпиаданың республикалық турына қатысу үшін өтінім 2017 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады. Ұйымдастыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша байланысу телефоны: 8 (727) 291-38-98, 87019185773. 
 
 Ұйымдастырушы педагогика және психология кафедрасы  |