қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

 

«6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 2-курс Phd докторанты Бекеева Нұрайша Жүсіпқызы Жапонияның Токио қаласында 18-23 қыркүйек аралығында өткен «5 th International Congress on Social Sciences, China to Adriatic in Tokyo» атты Халықаралық конгресте «Абай және Конфуций мұраларындағы ортақ сыншылдық көзқарасты болашақ маман дайындауда пайдалану маңыздылығы» атты тақырыпта баяндама жасап, жақсы пікір қалдырып, төмендегіше сертификаттармен марапатталды.

Сертификаттар

 

 

 

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар...

       2017 жылдың 6-7 сәуірінде Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің базасында ІХ Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада 3 кезеңге бөлініп жүргізілді:
І кезең - эссе.
ІІ кезең - тіл теориясы мен әдеби-теориялық сұрақтарға және ағылшын тіліндегі тапсырмаларға жауап беру.
ІІІ кезең - тест тапсырмаларына жауап беру.
         Еліміздің 22 жоғары оқу орнынан келген үздік студенттердің арасынан оқ бойы озып шыққан Филология және көптілді білім беру институты «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттері Аманбаев Сұңғат, Құлбек Алтынай және Сансызбай Гүлзат І дәрежелі дипломды иеленді.
       Үздік шыққан топ студенттерін «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» кафедраларының білімді де білікті, тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы дайындады. Атап айтатын болсақ, әдістеме мәселелері мен эссе жазудан - кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., доцент Ж.Т.Дәулетбекова, қазақ тіл білімі мен тіл теориясы мәселелерінен - ф.ғ.д., профессор Б.Қасым, ф.ғ.к., доцент М.Ә.Жүнісова, магистр-аға оқытушы А.Н.Юсуп, әдебиеттану және көркем мәтінді талдаудан - ф.ғ.д., аға оқытушы А.В.Таңжарыкова, ал қазақ тілі салалары бойынша кешенді тілдік талдаудан - ф.ғ.к., аға оқытушы Н.С.Әміржанова, магистр-оқытушылар Ж.С.Аширов пен М.А.Иманқұлова кеңес берді.

 

Филология және көптілді білім беру институтының директоры Б.Әбдіғазиұлының жеңімпаздарды құттықтау сәті  

   

 

 

Профессор Ф.Ш.Оразбаеваның Абай атындағы ҚазҰПУ білімгерлеріне арналған «Ғылыми-зерттеу жұмысының методологиясы» атты жаңа форматтағы шоғырлы дәріс-сұхбаттары өткізілді

        2017 жылы 1-3 наурыз күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы Фаузия Шәмсиқызы Оразбаеваның «Ғылыми-зерттеу жұмысының методологиясы» атты ғылыми-танымдық шоғырлы дәріс-сұхбаттары өтті. Алғашқы екі күндік шоғырлы дәрістерде жас ізденушілерге ғылыми-зерттеу жұмысын жазудың концептуалдық бағыттары, талаптары мен әдіс-тәсілдері талданып, ғылыми-танымдық дәріс, ғылыми-интеллектуалдық ойбөліс, ғылыми-ізденімдік ойталқы түрінде жүргізілді.
       Дәріспен басталған шоғырлы іс-шараның соңы 6М011700- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс магистранттары ұйымдастырған профессор Ф.Оразбаеваның ғұмырнамалық-шығармашылық әлеміне арналған «Ғұмыр - Ғибрат» тақырыбындағы мәдени-тағылымдық сыр-сұқбат кешіне ұласты. Кеш үш бөлімді қамтыды: «Өр Алтайдың баурайында бүр жарған....» атты бірінші бөлімде көрнекті ғалымның балалық шағы мен туған өлкесі жайында қызықты ақпараттар берілді. «Алатауда қанат жайды ақ арман....» атты екінші бөлімде ғалымның жоғары оқу орнында білім алған жастық кезеңі қамтылды. «Ғылым-Шыңның шынары» атты үшінші бөлімде ғалымның ғылым жолына байланысты тағылымдық мағлұматтар жинақталды. Кеш бойында қайраткер тұлғаның көп көзінен тасалау қалған өмір белестері бойынша қызықты деректерге құрылған тосын сұрақтар мен тосын сыйлар көпшіліктің зор қызығушылығын тудырды. Ғалымның ғұмырнамалық әлеміне қатысты интеллектуалдық пікірлесім мен сахналық қойылымдар жастарға ерекше әсер сыйлады.
Кешті ғалымның шәкірті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Жанат Тұрарбекқызы Дәулетбекова жүргізді.

 

 

17.11.2016 жылы Студенттер мен магистранттардың дәстүрлі 71-ғылыми конференциясында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы бойынша «Қазақ тіл білімінің теориялық мәселелері» атты бакалавриат пен магистратура бойынша екі секция жұмыс істеді. Секция жұмыстарында 10 магистрант, 30 студент тіл білімінің түрлі мәселелеріне қатысты баяндамалар жасады. Студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясын конференция төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Р.С.Рахметова жүргізді. Конференцияға жауапты хатшы, филологияғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. С.А.Жиренов ғылыми конференцияны ашып, кіріспе сөз сөйледі. Приздиумға кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Ж.Т.Дәулетбекова, ф.ғ.д., профессор Б.Қасым, ф.ғ.к., аға оқытушы Н.Әміржанова, ф.ғ.к., доцент А.Қобланова, ф.ғ.к., аға оқытушы Ж.Қоқанова, ф.ғ.к., аға оқытушы М.Жүнісова шақырылды. Конфееренцияны ф.ғ.д., профессор Б.Қасым құттықтау сөз айтып ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Секция жетекшісі - п.ғ.д., доцент Р.С.Рахметова, Секция хатшысы - ф.ғ.к., доц. С.А.Жиренов және кафедраның ПОҚ тыңдап, әралуан сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Конференция жұмысының нәтижесінде қатысушылар төмендегідей орындарға ие болды:
І орын: Іңірбаев Жолдас студент, 4-курс Филология (Күндізгі бөлім). Тақырыбы: С.Қондыбай шығармаларындағы мифтік бірліктердің тілдік сипаты. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. С.А.Жиренов.
ІІ орын: Мырзабек Бибіхан студент, 2-курс Қазақ тілі мен әдебиеті (3ж) (күндізгі бөлім). Тақырыбы: Қазақ тілі емле ережелерінің тарихы. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Н.С. Әміржанова
ІІ орын: Әжіғалиева Анар студент, 3-курс, 1-топ КРО (Күндізгі бөлім). М.Мақатаев поэзиясындағы коммуникативтік мағына моделі. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бақбергенова Р.Қ.
ІІ орын: «Изтаева Балкис 2-курс студенті, филология. Тақырыбы: «Ала» түсінің семантикалық құрылымы. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Қ.Балқия.
ІІ орын: Нұреке Акмарал 4 курс студенті, Тақырыбы: Ә.Әбілақовтың сөз тіркесі туралы тұжырымдары. Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., доцент Р.Рахметова.
ІІІ орын: Қызырхан Шыңғар студент, 3-курс, 2-топ КРО (Күндізгі бөлім). Тақырыбы: Қазақ дүниетанымындағы «ит» ұйытқы сөзінен жасалған фразеологизмдердің этномәдени қызметі. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бақбергенова Р.Қ.
ІІІ орын: Жұмаш Баубек 3-курс ҚБ (Күндізгі бөлім). Тақырыбы: О.Сүлейменовтің шығармаларындағы түркологиялық

 мәселелердің ғылыми негізі. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы С.А.Жиренов.
ІІІ орын: Мұралбек М., 4 курс студенті, ҚБ. Тақырыбы: Сын есім шырайларының функционалдық өрісі. Ғылыми жетекшісі: Магистр, аға оқытушы Ж.С.Аширов.
ІІІ орын: Өтеміс Айгүл, 4 курс студенті, ҚБ. Халықтық танымдағы уақыт өлшемдері. Ғылыми жетекшісі: Магистр, аға оқытушы Ж.С.Аширов.
ІІІ орын: Серікбаева Гүлдана 4 жылдық, 4-курс, 2-топ студенті, Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойын атаулары. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент М.Ә.Жүнісова.
ІІІ орын: Садуова Дина 2-курс студенті, филология. «Қоңыр» түсінің танымдық мәні. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Қ.Балқия.
Магистратура бойынша:
Магистранттардың дәстүрлі ғылыми конференциясының секциясының төрағасы, филология ғылымдарының докторы,профессор Б.Қасым жүргізді. Конференцияға жауапты хатшы, магистр, аға оқытушы Ж.С.Аширов ғылыми конференцияны ашып, кіріспе сөз сөйледі. Конференция жұмысының нәтижесінде қатысушылар төмендегідей орындарға ие болды:
І орын: Нәдірқожа Гаухар 1-курс магистранты Тақырыбы: Дәм-тұзға қатысты ырым-тыйымдардың мәдени-ұлттық мазмұны. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент А.Қобланова.
ІІ орын: Иманғалиева Жадыра Болатқызы 1-курс магистранты Тақырыбы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда тыныс белгілердің алатын рөлі. Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., доцент Р.Рахметова.
ІІІ орын: Амантай Айгерім, 1-курс магистранты. Тақырыбы: Толғау жанрының лингвостилистикалық аспектідегі зерттелу барысы. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. С.А.Жиренов.

 

Кафедра ұжымы қазақ тіл білімі және әдістеме бағытында студенттерге дәріс беріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кафедра оқытушылары - орта мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулық пен оқу-әдістемелік құралдардың, типтік бағдарлама мен Білім беру стандарттарының авторлары.

Кафедраның профессорлары мен оқытушылар құрамы - ҚР ғылым салаларында елеулі жетістіктерге жеткен; олардың теориялық және әдістемелік еңбектері мектеп, колледж, гимназия, ЖОО оқу процесінде қолданылып жүрген көпшілікке белгілі, танымал ұстаздар.
Бүгінгі таңда кафедра оқытушыларының құрамы -21: оның 1 - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 4 - ғылым докторы, 12 - ғылым кандидаты, 4 - аға оқытушы.
Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы өз бастауын 1928 жылы шаңырақ көтерген білім ордасының лингвистика-педагогикалық бөлімінен алады. Кафедраның негізін қазақ тілі білімі тарихындағы ірі тұлғалар, көрнекті ғалымдар қалаған. Қазақтың біртуар азаматы А.Байтұрсынұлы (1928-1929жж.) еңбек еткен білім ұясын көрнекті тілші-ғалымдар - Қ.Жұбанов (1932-1937жж.), С.Аманжолов (1937-1941жж., 1943-1958жж.), Д.Әлімжанов (1961-1971жж.), Ғ.Қалиев (1958-1961жж., 1972-1973жж.), Ж.Болатов (1977-1978жж.), Ф.Мұсабекова (1979-1988жж.), С.Исаев (1988-1989жж.), Н.Оралбаева (1989-1997жж.) басқарып, кафедраның тіл білімі мен әдістеме ғылымының қара шаңырағына айналуына атсалысты. Қазақ тіл білімінің теориялық негіздері және оны оқыту әдістемесінің негізгі қағидалары қаланған кафедраға 2013 жылдан бері педагогика ғылымдарының докторы, доцент Ж.Т.Дәулетбекова басшылық етіп келеді.
Кафедра ұжымынан құрылған «Қайсар» командасы салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында университет және республикалық көлемде өткізілетін спорттық мерекелік шараларға үзбей қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.