қазақша · русский · english
   
Кафедра марапаттары мен жетістіктері

 

Н.Топалова атындағы Республикалық бишілер байқауы

 

2018 жылдың 30 наурыз - 03 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында ҚР Еңбегі сіңірген қайраткері Нұрсұлу Топалова атындағы Республикалық бишілер байқауы өтті.


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен Ақтөбе қаласына 5В040900-Хореография мамандығының 4 курс студенті Нұрбек Ботатаев және 1 курс студенті Томирис Кенжегалиева жіберілді. Жетекшісі: Өнер, мәдениет және спорт институты музыкалық білім және хореография кафедрасының қауымдастырылған профессоры Алмат Құмаржанов. Студенттердің жоғары кәсіби сахналық шеберлігі құзыретті қазылар алқасының жоғары бағаларын алып, I дәрежелі дипломымен марапатталды.


Республикалық бишілер байқауының жеңімпаздарын - студент хореографтарды шын жүректен құттықтаймыз.

 

  

 

2017 жылдың 30 қазанынан 3 қарашасына дейін Алматы қаласында
Кафедра оқытушыларының педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарлату курстарындағы дәрістері


2017 жылдың 3 қараша және 30 қазаны аралығында музыкалық білім беру және хореография кафедрасының педагогика ғылымдарының докторалары және профессорлары Нарикбаева Лора Мақсұтқызы мен Бекмухамедов Бекен Мажитович Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығының» арнайы шақыруымен Алматы қаласының №12 балалар музыкалық орта мектебінде өткен «Фортепианада ойнауды оқыту үдерісіндегі дәстүрлі және жаңа әдістер» атты республикалық педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарлату курстарында дәріс оқыды.
Осы курстар шеңберінде профессор Л.М. Нарықбаева «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын аясында Қазақстан Республикасындағы білім беру тұжырымдамалық негіздері», «Қосымша білім беру жағдайында балаларды әлеуметтік тәрбиелеу мен дамытуды ұйымдастырудың заманауи әдістері», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Тәрбие және білім», «Дарынды балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету»; Қосымша білім берудің басым бағыты ретінде балалардың әлеуметтік -тұлғалық дамуы, құндылықты құзыреттілік тәсіл контексінде білім беру мазмұнын жаңарту» сынды өзекті мәселелерді педагог-музыканттарға егжей-тегжейлі айтып берді.

П.ғ,д., профессор Б.М. Бекмұхамедов «Педагогтың қосымша білім қызметінің психологиялық-педагогикалық аспектілері»; «Балалар мен жасөспірімдердің психофизиологиялық сипаттамалары» сында тақырыптарда қосымша білім беру жүйесінде балаларға музыкалық білім берудегі психологиялық және педагогикалық мәселелерді қозғады.

Дәрістерге қолдау көрсеткені үшін Л.М. Нарикбаеваға және Б.М. Бекмұхамедовке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығы» тарапынан алғыс хаттар табысталды.

 

  

 

 

Л.М.Нарикбаеваның алғыс хаты

Б.М. Бекмухамедовтың алғыс хаты

 

ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНАН БАЙҚАУЫ-2017


           2017 жылдың 20-22 мамыр күндері Алматы қаласының ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында Дельфий ойындарынан байқау ұйымдастырылған болған. Бүл іс-шара жас таланттарды аңықтау және оларға қолдау көрсету, өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына рухани, эстетикалық тәрбие беру, мәдени аралық диалог пен ұлттық мәдениетті дамыту мақсатында өтті. Осыған орай, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасынан 1-ші және 4-ші курс студенттері, «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасынан 3-ші курс студенті белсенді қатысып, байқаудың жеңімпаздары болып марапатталды.

         Дельфий ойындарының номинациялары ретінде:

II орын  «Бейнелеу өнері» (жеке) номинациясы бойынша - 3 курс студенті Хохуля Анастасия. Жетекшісі: Асембай Ерлан.

II орын «Халық биі» номинациясы бойынша «Дара» хореографиялық тобы. Жетекші: Алмат Құмаржанов.

III орын «Эстрадалық ән»  (жеке оындау; минус 1 сүйемелдеу)  номинациясы бойынша - 1 курс студенті Бекзат Мәжен; байқауға белсенді қатысқан үшін сертификатпен 4 курс студенттері Әсет Құрманбеков пен Нұрболат Кембаев марапатталды.  Жетекшісі: Орынбике Досанова.

III орын «Халық аспаптары, домбра» (жеке орындау) номинациясы  бойынша -  1-ші курс студенттері Кеңесбеков Талант пен Байсбай Жансая марапатталды.  Жетекшісі: Ерболат Мұстафаев. ДИПЛОМ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАР.


 

 

 

ТАЛҒАР қаласында өткен СТУДЕНТТІК КОНЦЕРТ

      2017жылдың 16 сәуірінде  «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша 1-4 курс студенттерінің хор ұжымы, бас хормейстір және қөркем жетекшісі п.ғ.к., қаум. профессоры С.Т. Балағазова жетекшілігімен Талғар қаласындағы орналасқан «Арыстан» арнайы мектеп-лицейінде концерттік бағдарламасын ұйымдастырды.
      «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының меңгерушісі - п.ғ.к., м.а. профессор К.Е. Ибраева мен хор концертмейстері - Алма Капсадыкова да осы іс шараға қатысты.

 

 

 

 

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ МАМАДЫҒЫ БОЙЫНША

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ - 2017  

          06.04-07.04.2017ж. Талдықорған қаласында  І.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінде өткен  «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Музыканы оқытудың әдістемесі» пәнінен IX-ші Республикалық пәндік олимпиадасына қатысқан 3(4)-ші курс студенті Мұқаман Айгерім II-ші дәрежелі орынның иегері болды. Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., профессор А.Қ. Ахметова.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында 2016 жылғы Тараз қаласында өткен VIII-ші Республикалық пәндік олимпиадаға  «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша қатысқан студенттер  III-ші  дәрежелі дипломымен 3-ші  курс студенттері Камитова Сауле және олимпиадаға қатысқаны үшін  Аңдасов Қонысбай марапатталды.

 

2016ж.25.10. Өнер, мәдениет және спорт институт қабырғасында «Intercultural communication in education» пәнінен «Main tendencies in education development of the Republic of Kazakhstan» тақырыбы бойынша  «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының п.ғ.к., профессор м.а. Қамарсұлу Ершатқызы Ибраеваның ашық сабағы өтті. Сабаққа «Музыкалық білім» және «Педагогика және психология»  мамандықтары  бойынша оқитын 3-4-ші курс студенттері мен магистранттар мен докторанттар белсенді қатысты. Айтарлықтай бұл ашық сабақ «Үздік оқытушысы - 2016» атты республикалық конкурстық іріктеу лауазымына қатысу үшін сәйкес жүргізілді.

 

6-7 сәуір 2015 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтында студенттердің «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Негізгі музыкалық аспап» пәнінен VII-ші Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

 

2014 жылы 12-14 науырыз айында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша VI-шы Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына Абай атындағы ҚазҰПУ-ң «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының 4-ші курс студенті Умаралиева Зауре қатысты. Бұл байқауда Зауре І-ші дәрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшісі: п.ғ.к., доцент Какимова Лаура Шаріпқызы.

 

10-12.04.2013 ж.  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен студенттердің арасында «Хорды дирижерлау» пәнінен «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша М.Төлебаевтың 100-жылдық мерейтойына арналған V-ші Республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша  2-ші орынның «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығында оқитын 3-ші курс студенті Умаралиева Зауре иегері болды.

 

2010-2013 оқу жылы аралығында студенттер келесі концерттік-тәрбиелікжәне қоғамдық іс-шараларға қатысты:

1.       Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Ж.Пралиевтің  бастауымен  ҚР  Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз жылдар әндері» атты  «АРАЙ» І-ші  Республикалық конкурсы  2011 ж. 8-9 желтоқсанда  өтті. Конкурстың  гран-приін  2 (3-ж.)  курс  студенті  Қанибаев  Серік  жеңіп  алды.

2.       2012 ж. 16 сәуірде өткізілген Найрыз  мейрамына арналған«Қош келдің, Наурыз - берекем!» есеп беру концертіне кафедраның оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты. Концертте оркестрлік  және вокалдық-хор шығармалары, ансамбльдер, дуэттер орындалды. 

3.       2 курс студенттері Д.Абушакиров, М.Берденов, Н.Жұмабаев жоғары және орта оқу орындарының арасында өткізілген «Молодые звезды - 2012»шығармашылық конкурсына қатысып, Патриоттық әндер номинациясы бойынша 2 орынды иеленді, дипломмен марапатталынды.

4.       5В010600- Музыкалық білім мамандығының «Арнаулы музыкалық аспап» пәні бойынша Талдықорған қ., І.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінде өткен ІV Республикалық студенттер олимпиадасына Айсенова З. (IIIк.3-ж.), Бұршакбаева А. және Джолжановалар А. (IIк.3-ж.) қатысып, дипломмен марапатталынды. Музыкалық білім мамандығы бойынша жоғары оқу орындары арасында өткен Республикалық олимпиаданың нәтижесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ ІІ орынды иеленіп, университет ректоры С.Ж.Пралиев  алғыс хатпен мадақталды.

5.       2 курс студенттерінен құралған квартет (Берденов М., Коныспеков Е., Жумабаев Н.,  Башаранулы С.) «Абай әлемі» мәдени-қоғамдық қоры аясында ұйымдастырылғанстудент-жастардың «Абай әндері» Республика-лық фестиваліне (26 сәуір, 2012) қатысып, І орынға ие болды.

6.       Ұрпақтар сабақтастығы шеңберінде Алматы қ., Бостандық ауданының  «Ақсұңқар»ансамблімен 23 мамыр, 2012 ж. кездесу өткізілді. Көркемдік жетекшісі профессор Исағұлова А.Ш.

7.       5В010600- Музыкалық білім мамандығының «Хорды дирижерлау» пәні бойынша Талдықорған қ., І.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінде өткен V Республикалық студенттер олимпиадасына 3 курс (4-ж.) студенті Умуралиева Зауре қатысып, ІІ орынды иеленді. Музыкалық білім мамандығы бойынша жоғары оқу орындары арасында өткен Республикалық олимпиаданың нәтижесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ  ІІ орынды иеленіп, университет ректоры С.Ж.Пралиев  алғыс хатпен мадақтал-ды.

8.       050106 - Музыкалық білім мамандығының 1-3 курс студенттері 3 жыл аралығында вокалдық-хор шығармаларымен концерттік іс-шаралар мен байқауларға белсенді қатысты(Білім күні, студенттерге арнау, Наурыз мейрамы, 8-Наурыз, Жеңіс күні, 8 маусым 2012 ж. Юнеско бағытындағы «ҚР материалдық мәдени мұрасы: қазіргі болмысы және даму болашағы» халықаралық конференция және т.б.).

9.       Оқытушы Матбуса Ж.Б. Испанияда өткен «Folclorico de cataluna»Халықаралық фестивальге қатысқаны үшін дипломмен марапатталынды.

10.  Оқытушы Мұстафаев Е. 2013 жылы  «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» үкімет марапатыналды.

11.  5В010600- Музыкалық білім мамандығы бойынша М.Төлебаевтың 100-жылдығына арналған «Хорды дирижерлау» пәнінен Талдықорған қ., І.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінде өткен студенттердің V Республикалық пәндік  олимпиадасынастудентті даярлағаны үшін кафедра доценті, п.ғ.к. Какимова Л.Ш. және концертмейстер Хайрулина Л.М. (10-12 сәуір, 2013ж.) алғыс хатпен марапатталынды.