қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі
  • Жалпы бағыт

ЖОО-дағы тәрбие - білім беру мен байланысты  мақсатты көздейтiн жүйелі түрдегі әрекет, әлеуметтiк мәндi қасеттерді, тұлғаның құндылық бағыттарын қалыптастыруға бағдарлануы,  сол сияқты болашақ маман тұлғаның шығармашылық жетiлдiрілуі, жан-жақты гармониялық, рухани, зияткерлiк және дене құрылысының кемелденуi үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Кафедраның тәрбиелiк жұмыстарының негiзгi бағыттары мынадай: қазiргi заманғы ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, рухани-адамгершiлiк, отан сүйгiштiк, құқықтық, эстетикалық, кәсiби - шығармашылық және салауатты өмiр салтын қалыптастыратын еңбек,физикалық.
           Тәрбиелiк жұмыстың негiзгi бөлiгі оқу уақытында дәрiстер, практикалық сабақтар (семинар ) жүргiзгенде өтедi.

  • Эдвайзерлер іс-шаралары

Тәрбиелiк жұмыстардың негiзгi бағыттары бойынша оқудан тыс уақытта студенттердiң жеке шығармашылық өсу мүмкiндiктерін туғызатын шаралар өткiзіледi.

Кәсiби - еңбек тәрбиесi бағытында келесі шаралар өткiзіледi: бiрiншi курс студенттерін студетке қабылдау; олимпиадалар; ең үздік студенттiк ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарының байқауы; 4-5 курс студенттерiнің жұмыс берушiлермен кездесу; кәсiби байқауларға қатысуға факультет студенттерiн тарту; оқу ғимаратын, жатақхананы және олардың айналасын тазалау және безендіру жұмыстарға студенттерді араластыру. Студенттер кәсiби бағдарлау іс-шараларындағы «ашық есiк күнi», жұмыс орны жәрменкесi,  т.с.с. қатысады.