қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.12.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ-да профессор-зерттеуші лауазымына және постдокторантура бағдарламасына қабылдау конкурсының нәтижелері жарияланды

 

 

2025 жылдың 19 желтоқсанында «Профессор-зерттеуші» лауазымы мен «Постдокторантура» Ережелеріне сәйкес кезекті қабылдау отырысы өткізілді.

 

Үміткерлерді іріктеу үдерісі университет ректорының бұйрығымен бекітілген профессор-зерттеушілер мен постдокторанттарды қабылдау және аттестаттау комиссиясының қатысуымен жүзеге асырылды.

 

 

Іріктеу нәтижесінде профессор-зерттеуші лауазымына үміткерлер арасынан 3 қатысушының 2-і, ал постдокторантура бағдарламасына ұсынылған үміткерлердің ішінен 10 қатысушының 5-і конкурстан сәтті өтті.

 

 

Конкурста үміткерлердің ғылыми көрсеткіштері: рецензияланған ғылыми журналдарда басылымдар, ғылыми жобаларға қатысу белсенділігі, ғылыми кадрларды даярлау негізінде бағаланды.