
Негізгі бет /
Хабарландыру
03.12.2025 Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді
2025 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 11:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 8D017 - Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңес жанындағы Ғылыми семинарда «8D01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша Абилдаева Карлыгаш Нуржановнаның философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Ағылшын тілінен аударылған көркем прозаны ЖОО-да оқытудың тиімді әдістері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады. Ғылыми семинар оффлайн және онлайн форматта өтеді.
Диссертация Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде орындалған.
Семинар тілі - қазақша
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Әбдіқалық Күнімжан Сәдірқызы - филология ғылымдарының кандидаты, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Әрінова Бақыт Айтуовна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
ШЕТЕЛДІК ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІ: Гулин Огут Екер - PhD, Түрік фольклоры кафедрасының профессоры, Хаджетеппе университеті (Анкара қ., Түркия).
ZOOM https://zoom.us/j/98719317851?pwd=Gd99GBbjYWtDsUbwPWD2pBdgsiWw4V.1 Идентификатор: 987 1931 7851 Код: 111385
Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, Бас оқу ғимараты (4-қабат, 412-кабинет).
|