қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
21.11.2025

TEDx форматындағы «Болашақ бастауыш мұғалімі: идеядан - іске,

білімнен - шабытқа» идеялар фестивалі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2025 жылдың 24 қараша күні TEDx форматындағы «Болашақ бастауыш мұғалімі: идеядан - іске, білімнен - шабытқа» идеялар фестивалі өтеді.

 

Өткізу форматы: онлайн/офлайн.

 

Фестивальдің мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық және креативті ойлау қабілеттерін TEDx форматындағы тәжірибе арқылы дамыту, командалық коллаборацияны қалыптастыру және педагогикалық идеяларды мақсатты-зерттеуші ортамен бөлісу мәдениетін жетілдіру.

 

Фестивалге қатысушылар:

Фестивальге келесі жоғары оқу орындары мен колледждердің білім алушылары қатысады:

1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;

2. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;

3. SDU University;

4. Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті;

 

Әр оқу орнынан 1 команда құрылады. Бір команда құрамында 5 білім алушы болады.

 

Фестивальді ұйымдастырушылар:

Бастауыш білім беру кафедрасының «Bilim veсtory» студенттік ғылыми клубы. Фестиваль «Білім алушылар арасындағы кәсіби коллаборация - университеттік ортада білім алмасу мен зерттеу жүргізудің жаңа форматы» (№05-04/250, 03.04.2025 ж.) ғылыми-зерттеу жобасы негізінде үйымдастырылады. Жобаны жүзеге асырушылар: Базарбекова Р.Ж., Амангелдіқызы А., Еркебаева С.Ж.

Өтетін уақыты мен орны: 2025 жыл, 24 қараша, сағ. 11:00. Абай атындағы ҚазҰПУ, Бас оқу ғимараты, 225-конференция залы

Мекенжайы: Алматы қаласы, Достық көшесі, 13

Онлайн тіркелу сілтемесі: bilim.vectory@mail.ru, Телефон номері: 87051875571

 

1-кезең бойынша нәтижесі мен марапаттар:

üBest University Image - (Үздік университет бейнесі)

üMost Creative Team - (Ең креативті команда)

ü«People`s Choice» (Көрермен көзайымы)

üInspiring Teaching Idea - (Шабыттандыратын педагогикалық идея)

üBest Visual Storytelling - (Ең әсерлі визуалды баяндау)

2-кезең қорытындысы бойынша:


ü1 орын - 50 000 теңге

ü2 орын - 30 000 теңге

ü3 орын - 20 000 теңге

ü4 орын - 10 000 теңге

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, сертификаттар және «EduTrend Star» сыйлығы табысталады.