
 
|  Негізгі бет /
Хабарландыру 
30.10.2025 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» республикалық байқауы өтеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2025» республикалық байқауының өткізілетіндігін хабарлайды. Байқау екі кезеңнен тұрады: 
 · I кезең - университетішілік кезең (3-14 қараша аралығында); · II кезең - республикалық кезең (1-15 желтоқсан аралығында). 
 Жеңімпаздарға 6 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақымен қатар, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төсбелгісі табысталады. Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады. Қатысушылардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болуы және оқытушылық пен ғылыми қызметте жоғары жетістіктерге жеткен болуы шарт. 
 Байқаудың басты мақсаты - оқытушы мамандығының беделін арттыру, сондай-ақ жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби дамуға ынталандыру. 
 Барлық өтінімдер мен құжаттар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады. Бұл байқау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді. 
 Толық ақпарат алу үшін: Ғылыми-зерттеу жұмысы және ғылыми кадрларды даярлау басқармасы Байланыс телефоны: 8 (727) 291 10 22 
 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары 
 |