
Негізгі бет /
Хабарландыру
22.10.2025
Доктор Клеа Фернандеспен ашық диалогқа шақырамыз ««Бастауыш білім беру» кафедрасы бакалавриат, магистратура, докторантура білім алушыларын білім психологиясы саласының сарапшысы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) маманы доктор Клеа Фернандеспен ашық диалогқа қатысуға шақырады.
Іс-шара 2025 жылғы 24 қазан күні сағат 15:00-де педагогика және психология факультетінің 10-аудиториясында (мекенжайы: Төле би көшесі, 31) өтеді. Ашық диалогтың тақырыбы: «Жас ғалымдардың зерттеу құзыреттілігін дамыту: құралдар, дағдылар және даму болашағы».
Доктор Клеа Фернандес — білім беру психологиясы саласының халықаралық сарапшысы, кадрлардың үздіксіз және жүйелі кәсіби дамуы арқылы оқыту сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалардың авторы, оқытушылар мен әкімшілікке арналған кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеуші, «Lesson Study: Математиканы оқыту мен үйретуді жетілдірудің жапондық тәсілі» атты кітаптың авторы, мұғалімдерді кәсіби дамыту бойынша көптеген халықаралық бағдарламаларының қатысушысы.
Ашық диалог барысында қатысушылар жас ғалымдар мен педагогтардың зерттеу құзыреттілігін дамытуға арналған заманауи тәсілдерді, кәсіби өсудегі soft skills маңызын, сондай-ақ зерттеу қызметін оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын талқылайды.
Баршаңызды педагогикалық зерттеулер мен білім берудегі инновациялардың болашағы туралы кәсіби әрі шабыттандыратын ашық диалогқа қатысуға шақырамыз!
|