
Негізгі бет /
Хабарландыру
20.10.2025
Қолданбалы психологияның заманауи әдістері «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік сарапшылар санын бекіту туралы» бұйрық негізінде Пенджаб университетінің (Үндістан) Ph.D Ms.Puneet Sandhu және Ph.D. Dr. Sukhjit Singh ғалымдарымен кездесу болды. 2025 жылдың 17 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен, 7М03122 «Клиникалық психология психотерапия негіздерімен» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарымен, 7М03118 «Денсаулық психологиясы және психотерапия негіздері» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарымен және 8D03105 «Психология» және «8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология» білім беру бағдарламасының 1, 2-курс докторанттарымен кездесу өтті.
2025 жылдың 14 қазанынан 13 қарашасына дейінгі аралықта бағдарлама аясында дәрістер оқылып, шеберлік сыныптары өткізіліп және кафедраның докторанттарымен консультациялар жүргізіледі.
|