қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.10.2025

Бастауыш сынып оқушыларына арналған VI Халықаралық өлкетанулық математикалық есептер студенттік байқауы


Байқау 2025 жылғы 13 қазанда жарияланады. Байқау жұмыстары 2025 жылғы 10 қарашаға дейін қабылданады.


Байқау қашықтан өткізіледі:

байқау комиссиясы жұмыстарды 2025 жылғы 11 қарашадан 20 қарашаға дейін іріктейді;

нәтижелер 2025 жылғы 22 қарашада жарияланады. Ең үздік жұмыстар Абай атындағы ҚазҰПУ сайтында орналастырылады. Электрондық нұсқадағы дипломдар қатысушылар жетекшілерінің тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштасына жіберіледі.

Байқау келесі жас топтары бойынша өткізіледі:


1-топ - 1-2 курс студенттері (математика әдістемесін әлі оқымаған кіші топ);

2-топ - 3-4 (5) курс студенттері немесе колледжден кейін қысқартылған бағдарламада оқитын 1-3 курс студенттері (математика әдістемесін оқып жүрген немесе оқып болған аға топ).

Қатысу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.


Байқаудың номинациялары:

1. «Туған өлкенің сәулеті»;

2. «Менің қаламның (ауданының, ауылымның) мәдени өмірі»;

3. «Менің қаламның (ауданының, ауылымның) спорттық жетістіктері»;

4. «Менің өлкемнің тарихы»;

5. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымның ерлігі»;

6. «Менің өлкемнің географиясы»;

7. «Менің туған жерімнің танымал тұлғалары».

 

Байқаудың қазылар алқасы:

Педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінен құралады.

Ақпараттық хат сілтемесі: https://docs.google.com/document/d/10iwQQLBzQqHt7om5q9INMzkfWfv-dqYZ/edit?usp=sharing&ouid=111749762548662608163&rtpof=true&sd=true

Жұмыстарды тіркеу формасына қоса тіркеу: https://forms.gle/J1ULS8LZsQ5LtVSy5


Байқау ұйымдастыру комитеті:

1. Лебедева Л. А. - пед. ғ. к., бастауыш білім беру кафедрасының профессоры;

2. Ақпаева А. Б. - пед. ғ. к., бастауыш білім беру кафедрасының профессоры;

3. Артамонова В. И. - Абай атындағы ҚазҰПУ, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты;

4. Қамбарова А. С. - Абай атындағы ҚазҰПУ, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты;

5. Байзакова Т. Т. - Абай атындағы ҚазҰПУ, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты.

 

  alt=