қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.09.2025

«Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті» «Абай атындағы ҚазҰПУ «Информатика» мамандығын бітірген түлектер форумына шақырады

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы Мектеп информатикасының 40-жылдығы мен Е.Ы.Бидайбековтың 80-жылдық мерей тойының қарсаңында түрлі жылдарда білім алған түлектерді, ұстаздарды және әріптестерді қауыштыратын ТҮЛЕКТЕР ФОРУМЫНА шақырады.

Өткізу күні: 03.10.2025
Уақыты: 10.00-12.00
Өтетін орны: Алматы қ., Төле би көшесі 86, Математика, физика және информатика факультеті, акт-зал.

Форум бағдарламасы:


Әр жылдардағы түлектер мен оқытушылардың кездесуі;
Кафедраның жаңа білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалары туралы таныстырылым;
Ынтымақтастық пен кәсіби серіктестікті дамыту жөніндегі пікір алмасу;
Бейресми жағдайда естелікке толы әңгімелесу.
Біз үшін әр түлектің қолдауы мен қатысуы - кафедра тарихы мен болашағының маңызды бөлігі.

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті.