қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.09.2025

 2025-2026 оқу жылындағы жекеменшік жатақхана шығынын өтеу мақсатында, «100-50-20» әлеуметтік шығындар бағдарламасына өтініш қабылдау басталды


«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ 2025-2026 оқу жылына қабылданған білім алушыларды (1 курс) жекеменшік жатақхана шығынын өтеу мақсатында, «100-50-20» әлеуметтік шығындар бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Өтініш қабылдау мерзімі 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 10 қазанға дейін.. QR-кодты сканерлеу арқылы толық ақпаратпен таныса аласыз.

 

  alt=  

Ескерту:

1. 2025-2026 оқу жылына қабылданған жекеменшік жатақханада жататын 1 курс білім алушылары қатыса алады.

2. QR-кодты сканерлеу арқылы цифрлық жүйеге өтіп өтініш білдіре алады.

3. Бір студент форманы тек бір рет қана тапсыра алады.

Жеңілдік санаттары:

1. 100% – Мемлекеттік грант иегері және ақылы негізді 2025-2026 оқу жылына қабылданған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұл жетімдер қатыса алады.

2. 50% - Мемлекеттік грант иегері және ақылы негізді 2025-2026 оқу жылына қабылданған I немесе II топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыса алады.

3. 20% – 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік грант негізінде қабылданған білім алушылар қатыса алады.

4. Жеңілдік санатын растайтын құжат және білім алушы мен жалға берушінің арасында жасалатын келісім шарт болуы міндетті

5. Барлық сұрақтар бойынша факультет декандарының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен Әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімге жүгіне аласыз.

Байланыс: +7 700 586 82 09 +7 747 010 05 89 Мекенжайы:

Достық даңғылы 13, 5 қабат, №503 кабинет.

 

    alt=