қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
02.09.2025

Түлектерге арналған сабақтар байқауы «Жаңа буын мұғалімі»

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауыш білім беру кафедрасы `Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі` мамандығының 2026 жылғы бітіруші курс білім алушыларын ашық сабақтардың Республикалық байқауына қатысуға шақырады. Шетелдік жоғары оқу орындарының студенттеріне де қатысуға рұқсат етіледі.

Мақсаты: Бастауыш мектепте оқытудың заманауи әдістемелерін көрсету және тәжірибе алмасу үшін интерактивті білім беру алаңын құру, жас педагогтердің кәсіби өсуіне және 1-курс студенттерінің педагогикалық тәжірибеге қызығушылығын арттыруға ықпал ету.

 

Өтінімдерді қабылдау: 2025 жылғы 26 қыркүйекке дейін

 

Финал және марапаттау: 2025 жылғы 3 қазан

 

Өтетін орны: Алматы қ., Төле би көшесі 31, 15-аудитория 

 

Ақпараттық хат және тіркелу:

[хатқа сілтеме] https://docs.google.com/document/d/1Wv7FdDkzyc1Xa24d0idv1VHD9-3kM1sx/edit?usp=sharing&ouid=111749762548662608163&rtpof=true&sd=true 

Байланыс: a.akpaeva@abaiuniversity.edu.kz / ұйымдастыру комитеті - Акпаева Асель Бакировна