қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

Әбілхан Қастеев атындағы мұражайға серуен


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
Педагогика және психология институтының
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен өткен кәсіби бағдар беру жұмысының
Есебі

 

2017 жылдың 28 наурызында 5B012300 - әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1 курс студенттері (орыс білімі) Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының п.ғ.к., доценті А.К. Айтпаева мен доктор PhD, аға оқытушы А.И. Булшекбаеваның ұйымдастырумен №3 Алматы қаласының арнайы әлеуметтік көмек орталығында қарт және мүгедек адамдарға барып «Бақыт біздің айналамызда» атты шара өткізді.

Студенттер ән, би, өлеңдерден концерттік бағдарлама әзірлеп, тренингтер мен ойындар ұйымдастырды.

Махббат пен қамқорлы өты қажет ететін адамдардың алдында концерт ұйымдастыруға студенттер белсенділікпен кірісті.
Студенттер әртүрлі жанрдағы фольклордан бастап отандық және шетелдік авторлардың әндеріне шейін орындады.
Тағдыр тәлкегіне түсіп қартайғанда жалғыз қалған ардагерлер студент-жастарды қуана, жылы шыраймен қарсы алып өз оқиғаларымен бөлісті.
Ардагерлердің қуанышты көздері студенттерге дем беріп, концерттік нөмірлерді орындауда шабыттандырды.
Концерттік бағдарламаға қатысқан студенттер: Сатбаев Аслан, Дукенбаева Жанель, Бахаудунова Дильназ, Мамбетова Индира, Мараткызы Жанбану, Азнабакиева Айдана.

Концерт соңында ардагерлер үйінің басшылығы студенттерге алғыстарын білдірсе, ата-апаларымыз бата беріп, өлеңдерден үзінді оқыды. Қоштасарда қарттар студенттердің тағы келулерін сұрады.

 

КАФЕДРАНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ/
ПЛАН ВОСПИТАТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ КАФЕДРЫ

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы
(кафедраның атауы / наименование кафедры)

2015 - 2016 оқу жылы/ учебный год