
Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
30.10.2025
Педагогикалық интеграция – бастауыш білім беру практикасына сингапур әдістемесін енгізу бойынша мұғалімдердің студенттерге арналған шеберлік сабағы 2025 жылғы 27-29 қазан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауыш білім беру кафедрасы базасында Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-мен бірлесе отырып «Бастауыш білім берудегі инновациялық тәсілдер және STEM-оқыту» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинардың ұйымдастырушылары - профессор Жұмабаева А.Е. және профессор Лебедева Л.А., профессор Акпаева А.Б., модераторлар - аға оқытушылар Астамбаева Ж.К. және Жұмаш Ж.Е. «Бастауыш білім беру» білім беру бағдарламасының студенттері үшін Алматы қаласының мұғалімдері - №8, №34, №117, №138 мектеп-гимназияларының, М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның, №28 М. Маметов атындағы мектеп-лицейдің, №173, №82, №87, №128, №181, №159, №214 жалпы білім беретін мектептердің және М.В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясының педагогтері Сингапурда оқудан өткен нәтижелері бойынша шеберлік сабақтар сериясын өткізді. Семинардың басты ерекшелігі - студенттер мен мұғалімдердің тікелей тәжірибелік өзара әрекеттестігі болды. Мұғалімдер сингапур әдістемесінің элементтерін қолдану тәжірибесімен, оқырмандық сауаттылықты дамытудың заманауи тәсілдерімен және бастауыш мектептің оқу процесіне STEM-оқытуды енгізу жолдарымен бөлісті. Әрбір шеберлік сабағы нақты мысалдарға, оқу кейстеріне және практикалық тапсырмаларға негізделіп құрылды. Семинарға дуалды оқыту бойынша серіктес мектеп - NGS ұстаздары да қатысты. Олар бірнеше жыл бойы бастауыш сынып оқушыларын сингапур әдістемесімен оқыту тәжірибесін жүзеге асырып келеді. Кездесу өзара пікір алмасу мен кәсіби диалог форматында өтті. Қатысқан педагогтер студенттердің жоғары белсенділігін және инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеруге деген қызығушылығын атап өтті. Семинар мектеп пен университет өкілдерін біріктірген кәсіби ынтымақтастық пен идеялар алмасу алаңына айналды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|