қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.05.2015

Қазақ профессорының АҚШ-тағы дәрістері

 

15-25 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры М.Ш.Мұсатаева академиялық ұтқырлық бойынша АҚШ-тағы Калифорния университеті студенттеріне дәріс оқыды.
Ол мұнда университет басшылығының шақыртуымен барған еді. М.Ш.Мұсатаева осы сапарында «Қазақ лигвомәдениетінің доминанттық концептісі» және «Қазақ гастикасының этнолингвистикалық аспектісі» деген екі тақырып бойынша лекциялар цикілін өткізді. Американдық студенттер осы дәрістерді тыңдау барысында қазақ халқының мәдениетіне, салт- дәстүрлеріне ерекше ықылас білдірді.
Университеттің халықаралық департаменті профессор М.Ш.Мұсатаеваға «Алғыс хат» тапсырды. Онда: «Біз М.Ш.Мұсатаеваға мазмұнды әрі қызғылықты дәрістері үшін алғыс айтамыз. Осы дәрістердің интербелсенділігі арқасында студенттеріміз қазақ мәдениетінің маңызды парадигмалары бойынша кеңінен пікір алмасуға мүмкіндік алды»,--делінген.
Сол жолы департамент студенттері мен профессорлары Наурыз тойын тойлады.