қазақша · русский · english
 
 
 
24.12.2018

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған ғылыми-методологиялық семинар


21 желтоқсанда «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қатысушыларының бірі Еркін Ермұқановтың ұйымдастыруымен және тікелей атсалысуымен «1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: жаңа деректер мен пайымдаулар» тақырыбында ғылыми-методологиялық семинар болып өтті.


1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне арналған бұл жиынға Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылары және институт студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.


Тарихшы-ғалым Еркін Ермұқанов 1986 жылғы Желтоқсандағы қазақ жастарының, соның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институты студенттерінің тәуелсіздік жолындағы күрескерлік келбеті, сондай-ақ олардың кейінгі тағдыры туралы тың деректер негізінде қызықты әңгімелеп берді.


«Биыл 90 жылдық мерейтойын атап отырған университетіміздің тарихында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің алар өзіндік орны бар, ол студент жастардың ұлт жандылығын, өр тұлғасын, асқақ рухын айшықтай түсті», - деп атап көрсетті Еркін Ермұқанов. Ғылыми-методологиялық семинардың тарихи тағлымы өте мол болды.

 

   

 

  

 




Кері оралу