қазақша · русский · english
 
 
 
08.05.2025

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!

 

2025 жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласы тарихы музейінде 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Ерліктің өшпес даңқы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.


Көрменің мақсаты - ерлік пен отансүйгіштіктің, батырлық пен тарихи жадының мәңгілік маңызын насихаттап, батырларымыздың өмірі мен ерлігін ұмытпай, келешек ұрпаққа үлгі ету.


Көрмеге Алматы қаласы тарихы музейі мен Алматы қаласы «Жауынгерлік даңқ» музейінің қорынан алынған бірегей жәдігерлер ұсынылған. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің фотосуреттері, құжаттары мен марапаттары, майданнан келген хаттар, соғыс жылдарындағы оқ-дәрілер қойылды. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры, жазушы - Бауыржан Момышұлының жеке заттары мен сирек кездесетін фотосуреттері, атақты мерген Төлеуғали Әбдібеков және генералдар Бахадурбек Байтасов пен Жеңіс шеруіне қатысушы Андрей Платаевтың әскери киімдері, марапаттары көрермен назарына ұсынылды.


Аталған іс-шарада Алматы қаласы тарихы музей басшылығының арнайы шақыруымен «Ұлы Отан соғысы тарихын бұрмалау» хабарламасымен т.ғ.д., профессор Х.А. Сүтеева сөз сөйледі.

 

  alt=  




Кері оралу