қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.10.2024

Әскери кафедраға оқуға қабылдау басталды


2024 жылдың 03-19 қазаны аралығында әскери кафедрада конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш қабылданады.

 

Конкурсқа Абай университетіне 2022 жылы түскен 3 курс және 2023 түскен 2 курс студенттері, Қазақстан Республикасының азаматтары, күндізгі бөлімде оқитын білім алушылар қатыса алады.

 

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар екінші (4 жылдық оқумен) және үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

 

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар  екінші, үшінші (4 жылдық оқумен) және екінші, үшінші және төртінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

 

Өзіңізбен бірге келесі құжаттар тізімі міндетті түрде болуы тиіс:


1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
2. Тіркелу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі) тек ұл балалар үшін;
3. ЖОО-дағы нақты оқуы туралы анықтама («Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы);
4. 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет;
5. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (ХҚКО);

6. Мекенжай туралы ақпарат (тек қыздар үшін);
7. Жеке істерді тіркеуге арналған екі файл.


Барлық сұрақтар бойынша байланыс деректері:

Запастағы подполковник Оразбеков Бауыржан - 87789552121.

Жұмыс телефоны - 3822735.