қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.09.2024

Абай университетінің Digital History Lab командасы «Archive Hack: Ақылды архив» хакатонына қатысады


2024 жылдың 24-25 қыркүйегі аралығында Сәтбаев университетінде (Сәтбаев көшесі, 22) Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұйымдастыруымен «Archive Hack: Ақылды архив» хакатоны өтеді. Шараға Абай атындағы ҚазҰПУ атынан Тарих және құқық факультеті сандық тарих зертханасының (Digital History Lab) студенттері, магистранттары және қызметкерлері қатысады.

 

Хакатон - бұл қатысушы командалар белгілі бір міндеттерді шектеулі уақыт ішінде бәсекелестікпен орындауды талап ететін іс-шара. Мұндай кездесулердің басты мақсаты - жаңа технологиялар мен шығармашылық көзқарастарды қолданып, қысқа мерзімде инновациялық шешімдер әзірлеу. Студенттер мен мектеп оқушыларын мұрағаттық материалдармен жұмысқа тарту арқылы инновациялық жобалар жасау. Қатысушылар цифрландыруды, мұрағаттық деректерді каталогизациялауды және визуализациялауды жақсартуға ықпал ететін шешімдерді әзірлейді. Бұл сондай-ақ тарихты жастар арасында кеңінен насихаттап, оны қолжетімді әрі қызықты етуге бағытталған.

 

Қатысушылар үздік номинациялар бойынша үш бағытта жарысатын болады: Young Archivists Initiative, Designing Heritage, Tech Solutions for Heritage.

 

Қазылар алқасы әр категория бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Мектеп оқушылары үшін білім гранттары қарастырылған.

 

  alt=