қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.08.2024

2024-2025 оқу жылында Абай университетінің студенттерін жатақханаға орналастыру туралы ақпарат

 

Құрметті студенттер! Абай университетінің 5 жатақханасы бойынша жолдама алған студенттер тізімін ұсынамыз. Тізім бойынша жатақханаларға 1 курс студенттері 2024 жылдың 5 қыркүйегіне дейін, ал, әлеуметтік көмекке мұқтаж санатына жататын 2,3,4 курс студенттері 2024 жылдың 10 қыркүйегіне дейін орналаса алады.


Тізімде білім алушының орналасатын жатақханасына қатысты барлық мәлімет көрсетілген. Ахуалдық орталықтан жолдама алудың қажеті жоқ екенін ескертеміз. Келісім-шартты студент өзі орналасқан жатақханадан ала алады.

 

Жатақханалардың орналасқан жері туралы ақпарат:
- №1 жатақхана (Төле би көшесі, 35);
- №2 жатақхана (Қонаев көшесі, 82);
- №3 жатақхана (Қазыбек би көшесі, 34);
- № 5 жатақхана (Абай көшесі, 56 в);
- № 8 жатақхана (Уалиханов көшесі, 61).

 

Ескерту: Тізімде есімі жоқ студенттер Ахуалды орталықпен байланыса алады. Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі телефон номерлерімен хабарласуларыңызды сұраймыз.


Жедел желі телефоны: 8 (727) 293-88-67.
Ахуалды орталықтың мекенжайы: Қазыбек би, 30.

 

Жатақханаға жолдама алған студенттер тізімі