қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.08.2024

Кафедра меңгерушісі бос лауазымына конкурс жарияланады


«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Дене шынықтыру және әскери дайындық факультеті бойынша:

- Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі лауазымына.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

 

Кафедра меңгеруші лауазымына: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі, білім беру ұйымдарында немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы керек.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

 

1) Басқарма төрағасы - ректордың атына конкурсқа қатысу туралы белгіленген нысанда өтініші (1-Қосымша);

2) үміткердің 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті электрондық фотосуретімен қызметтік тізімі (2-Қосымша);

3) үміткердің электрондық және қағаз форматтағы сауалнамасы (3-Қосымша);

4) жеке куәліктің көшірмесі;

5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмесі,

салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;

6) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жылдағы).

7) шет тілдерін меңгергені туралы сертификаттар (бар болған жағдайда);

8) Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі (соңғы 3 жылдағы);

9) № 075 формасындағы медициналық анықтама немесе санитарлық кітапша, флюрография;

10) наркологиялық, психоневрологиялық ұйымдарда есепте жоқ екенін растайтын анықтама;

11) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

13) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ үміткер біліміне, кәсіби деңгейіне және т. б. қатысты қосымша ақпараттарды беруге құқылы.

 

Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары берген білім туралы құжаттар Білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.

 

Конкурсқа қатысуға құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болса, өтініш барлық құжаттармен бірге конкурс өткізу басталғанға дейін өтініш берген тұлғаға қайтарылады.

 

Конкурсқа қатысуға өтініш пен құжаттарды беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 2024 жылдың «23» тамызға дейін (қоса алғанда).

 

Құжаттарды қабылдау: Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде сканерленген нұсқада hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштаға ұсыну қажет және Алматы қ., Достық даңғылы, 13 (№102 кабинет, 1 қабат) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.30-дан 17.00-ге дейін қолма-қол қабылданады.

 

Анықтама телефоны: 8(727) 291-34-35.

 

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

 

* Сауалнама деректерімен жұмыс істеу рәсімі:

Үміткерлердің әрқайсысы ұсынылған «Үміткердің анкетасы» бланкісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, үміткердің академиялық кезеңдегі қызметінің нәтижелерін көрсететін жеке көрсеткіштер негізінде толтырады;

сауалнамаларды толтыруды үміткерлер «өлшеу жиілігі» сауалнамасында көрсетілген кезеңде қол жеткізілген нәтижелер негізінде жүргізеді.