қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.08.2024

Foundation факультетіне арналған мемлекеттік білім грантына өтініш беру басталды


2024 жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетел азаматтарына және жоғары оқу орнына дейінгі даярлыққа арналған Foundation факультетіне мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға конкурсқа қатысу үшін өтініштер қабылданады. Онлайн өтініштерді сканерлеп, pdf түрінде abai.foundation.2024@gmail.com электрондық почтасына жолдауға болады (бір хатпен) немесе құжаттарды қабылдау комиссиясына, Қазыбек би көшесі 28 мекенжайы арқылы қағаз түрінде тапсыруға болады.


Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеуді 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында өткізеді.


Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу үшін конкурстық іріктеуден өту кестесі университеттің ресми сайтында https://www.kaznpu.kz жарияланады.


Талапкерлер іріктеу конкурсына жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсеткен жағдайда ғана кіргізіледі.


Талапкердің жалпы дайындық деңгейі мен мамандыққа бейімділігін анықтау үшін сұхбаттасу ауызша түрде өткізіледі.


Сұхбаттасу кезiнде талапкер іріктеу комиссиясының жалпы танымдық сұрақтарына жауап беру арқылы өзiнiң жан-жақты ой-өрiсiн байқатуы тиiс. Сұхбаттасу әрбір талапкермен жеке, еркін диалогтық түрде жүргізіледі.


Сұхбаттасу міндетіне кіреді:


1. Мамандық таңдаудағы саналылық;
2. Таңдаған мамандығы туралы түсінік;
3. Болашақ мамандығының қоғамдағы орны мен маңызын түсінуі шарт;
4. Талапкердің жалпы мәдени деңгейі, ой-өріс кеңдігі;
5. Болашақ мамандығы үшін қажетті қасиеттер.


Сұхбаттасу бойынша ең жоғары балл саны - 100.


Сұхбаттасу бойынша 50 баллдан кем алған немесе сұхбаттасуға келмеген талапкерлер іріктеу конкурсынан өтпеді деп есептеледі.


Сұхбаттасу қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.


Талапкерлерді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетел азаматтарына және жоғары оқу орнына дейінгі даярлыққа арналған Foundation факультетінің тыңдаушылары қатарына қабылдау 2024 жылдың 25-28 қыркүйек аралығында жүргізіледі.


Foundation факультетінде оқу мерзімі күнтізбелік жылдың 1 қазаны - 30 маусымы аралығы (9 ай).


Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу үшін конкурстық іріктеуден өткен талапкерлер тізімі 2024 жылдың 25 қыркүйегінен бастап университеттің ресми сайтында https://www.kaznpu.kz жарияланады.


Байланыс телефоны:  8 (727) 221 85 14


Е-mail: abai.foundation.2024@gmail.com