қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
03.07.2024

«102» қосымшасы іске қосылды!


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайларға тап болған немесе осындай оқиғалардың куәгері болған азаматтарға арналған «102» қосымшасы әзірленгенін хабарлайды!


«SOS» батырмасының көмегімен сіз өзіңіздің гео-орналасқан жеріңізді көрсете отырып, бейне қоңырау арқылы жедел басқару орталығымен шұғыл байланыса аласыз.


Мобильді қосымша Android және AppStore арқылы жүктеледі. Бұл қауіпсіздік үшін тиімді және ыңғайлы жүйе.