қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2015

С.ПІРӘЛИЕВ - ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды.
Бұл сыйлық оған халық ақыны, ұлы жырау Жамбыл Жабаев шығармаларын насихаттауға, жастарды Жамбыл дәстүрлерінде тәрбиелеуге сіңірген еңбегі үшін Жамбыл атындағы қоғамдық қор төралқасының шешімімен берілді.
Ректор Серік Жайлауұлы Пірәлиевтің тікелей бастамасымен және қолдауымен 2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Жамбылтану және халық ақындары» ғылыми-зерттеу институты ашылған еді. Институт (директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Ыбырайымов) С.Пірәлиевтің басшылығымен аз уақыттың ішінде Жамбыл Жабаев шығармаларының 4 томдық жинағын шығарды. Бұл жинаққа халық ақынының бұрыннан баспа жүзін көрген жырларымен қатар бұрын еш жерде жарияланбаған өлең-жырлары, әндері мен күйлері, олардың ноталары түсініктемелерімен қоса енгізілген. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтан бастап белгілі ғалымдардың Жамбыл шығармашылығы туралы зерттеулері жинақтан орын алды. Оған қоса ұлы жырау шығармаларының библиографиялық көрсеткіштері өз алдына бір том болып баспадан шығарылды. Сөйтіп университеттің «Жамбылтану және халық ақындары» ғылыми-зерттеу институты Жамбылтануға және Жамбыл шығармаларын зерттеуге, оны халық арасында насихаттауға жаңа өріс ашты.

 

Мырзахан Ахмет.
Абай атындағы қазақ ұлттық
Педагогикалық университеті
Ақпарат орталығының директоры.