2019 жылғы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты
 
2019 жылдың 7-10 ақпан аралығында Шымкент қаласында  ересектер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
 
Жарыстың мақсаты  -  алдағы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына жаңадан  команда жасақтау.
Жарысқа барлығы 10 салмақ дәрежесінде 450 балуан қатысты. Қазақстан Республикасынның чемпионатында өнер көрсеткен «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 1 курс студенті Қуат Әміртаев  61 кг салмақ дәрежесінде 3-ші орынға ие болса, 1 курс магистранты Әділет Даулынбаев 86 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып қыркүйек айында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.
 
 
 
  