Негізгі бет /
Хабарландыру
02.10.2023 Құрметті оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы педагогикалық мамандықтағы 2-курс студенттерінің тәрбие практикасы аясында Халықаралық мұғалімдер күніне орай «Тарих - география» мамандығының 2-курс студенттерімен ашық сынып сағатын өткізеді.
Практика жетекшісі: педагогика ғалымдарының докторы, профессор Саудабаева Г.С.
Сынып сағатының мақсаты - студенттерде ХХІ ғасырдағы ізгілікті мұғалімнің инновациялық және ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру.
Өткізу күні: 2023 жылғы 5 қазан сағат 14.00.
Өтетін орны: Жамбыл көшесі, 25, 701 аудитория.
|