қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.09.2023

Абай университетінде халықаралық педагогикалық форум өтеді


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы 2023 жылдың 2 қазаны күні «Әлеуметтік педагогтың қазіргі қоғамдағы рөлі: балабақша - мектеп-колледж-жоғары оқу орны және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік-педагогикалық мәселелер» халықаралық кәсіби педагогикалық форум өткізеді.

 

Педагогикалық форум жұмысының бағыттары:

1. Әлеуметтік педагогтің рөлі және әлеуметтік-педагогикалық қызметтің теориялық және практикалық негіздері.

2. Балалардың және жасөспірімдердің құқықтарын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.

3. Заманауи әлеуметтік-педагогикалық білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары.

4. Балалар мен жасөспірімдердің адаптация, дезадаптация, реадаптация мәселелері.

5. Әлеуметтік-педагогикалық алдын-алу мәселелері (девиантты мінез-құлық, агрессия, буллинг, кибербуллинг, суицид).

 

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Баяндамалар мен тіркелуді қабылдау 2023 жылдың 1 қазанына дейін.

 

Педагогикалық форумның нәтижелері бойынша форум материалдарының электрондық жинағы құрастырылып, форумға қатысушылардың электрондық пошталарына жіберіледі.

 

Педагогикалық форумға қатысу тегін.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі, 31, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы, 30 каб.

 

Телефон: 87771555568 Алимбекова Анар Аймолдановна, 87054674187 Булшекбаева Асем Исаевна. е-maіl: pedforum.kaznpu.@mail.ru   

 

Ақпараттық хат