|
| |
Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Хабдрахман Дүйсембинмен кездесу
«Ғылым - 2018» онкүндігі іс - шарасы аясында анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпісіздігі кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА академигі, БжҒМ адам және жануарлар физиологиясы институтының құрметті директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Хабдрахман Дюсембиевич Дүйсембин «Заманауи физиологияның өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс оқуға шақырылды.
Дәріске Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова, кафедра меңгерушісі Шамшидин Балғынбеков, профессор Амантай Сағындықов, оқу - әдістемелік бөлімінің бастығы Галия Кириллова және профессор Амантай Кунакбаев, доцент Күміс Батырова, кафедра оқытушылары Галия Татаринова, Асия Кайнарбаева, Айгерим Асқарова, Жазира Жарылқасынова, Маржан Башенова, сондай-ақ, «5В011300-Биология», «5В060700-Биология», «6М060700-Биология» мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты.
Дәрісті кафедра меңгерушісі Шамшидин Балғынбеков ашып, студенттерге профессор Хабдрахман Дюсембиннің өмір жолы туралы қысқаша ақпарат беріп өтті: «Қабдырахман Дюсембин 1948 жылы Алматы қаласындағы Киров атындағы Университеттің «Биология - топырақтану» факультетіне оқуға түсіп, үшінші курсында «И.П.Павлов ілімінің философиялық маңызы» деген тақырыпта факультет студенттерінің ғылыми конференциясында баяндама жасайды. Сол кезден бастап Хабдрахман Дүйсембин факультеттегі студенттердің ғылыми кеңесінің төрағасы болып сайланған және Қазақстан Комсомолының орталық комитетінің штаттан тыс лекторы болады. Бұл кісінің бойында Абай атамыздың айтып кеткен адамның 3 негізгі қасиеті дарыған десек те болады, яғни ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек».
Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова, профессор Хабдрахман Дүйсембин ағамызды өте қарапайым, адамгершілігі мол, үлкен азамат ретінде жақсы білетіндігін жеткізіп, бұл кісінің білім, ғылым жолындағы өмірі қазіргі жастарға үлкен өнеге екендігін айтп, Хабдрахман Дүйсембинге бүгінгі таңда білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеуде қосып жүрген үлесі үшін алғысын және өзінің тілегін білдірді.
Хабдрахман Дүйсембин қазіргі таңдағы физиология саласының өзекті мәселелерін кеңінен аша отырып, оның шешу жолдарын ұсынып, білім алушылар арасында талқылады. Сонымен қатар, ғарыштық физиология, биологиялық ырғақ және жоғары жүйке әрекеті қызметінің бұзылыстарынан туындап жатқан аурулар себептері қарастырылған жоғары деңгейде дәріс өткізді.
2017 жылы өткізілген ғылыми іс-шаралар мен конференциялар туралы ақпарат
№
|
Іс-шараның атауы мен мәртебесі
|
Өткізу орны, күні
|
1
|
«Білім беру ұйымдарындағы тәуелділік мінез-құлқының алдын-алу: перспективалары , жағдайы, көкейкесті мәселелері. V Бүкіл ресейлік интернет-конференциясы
|
Абая атындағы ҚазҰПУ, 29 наурыз 2017 ж.
|
Қысқы мектеп аясында «Кәсібилік және педагогикалық дағдылар» атты химия, биология, физика және информатика мұғалімдеріне арналған ағылшын тілінде тренингтер өтті. Оқу бағдарламасы қарқындылық пен қанықтылықпен сипатталды: оның қатысушылары күніне 6 сағат бойы 5 күн бойы жұмыс істеді. «InterPess-IH» орталығының білікті оқытушылар Джозеф Демокритос және Сабина Ибрагимова жүргізді. кафедраның оқытушылары Асқарова А.М. Жарылкасыноваа Ж.М., Башенова М қатысты. 2018 жылдың 12 қаңтарында ағылшын тілінде қатысқан мұғалімдеріне арналған тренинг өз жұмысын аяқтады. Тренингтің қорытындысы бойынша оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмұрзаев университеттің 24 оқытушысына салтанатты түрде сертификаттар тапсырды.
Ағымдағы жылдың 8 мен 18 қаңтар аралығында университет ректорының бастамасымен профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында алғаш рет «Кәсіпқойлық және педагогикалық шеберлік» қысқы мектебі ұйымдастырылды. 2018 жылдың 8 - 9 қаңтарында қысқы мектеп жұмысы аясында тәлімгерліктің тиімділігін арттыру және тәлімгерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тұлғалар мектебі» атты семинар өтті.
Екі күндік семинар жеке психология, жастардың физикалық белсенділігі, тәлімгерлік жүйесі мәселелеріне арналды. Семинарға университеттің 150- ге жуық оқытушылары қатысты. Сабақтар пікірталас әдістерін, интерактивті білім беру технологияларын және командалық жұмысты қолдана отырып өткізілді.
Семинарды ҚР академигі Жамиля Намазбаева, профессор Ш.А. Балғынбеков , психолог Мира Ибашова және Анел Садықова жүргізді. Біздің кафедрамыздан профессор Бабашев А.М., б.ғ.к.,Шыныбекова Ш.С., аға оқытушы Қайнарбаева А.Д., магистр, оқытушы Аскарова А.М., магистр, оқытушы Жарылқасынова Ж.М қатысты
2018 жылдың 9 қаңтарынан 13 қаңтарына дейін салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген ұжымның қызығушылығын арттыру мақсатында Университетте «Денсаулық -2018» спартакиадасы өтті. Спартакиадада волейбол, үстел теннисі, шахмат, мини-футбол, коньки тебу, шаңғымен жүгіру секілді спорт түрлері өтті. Университеттің 300-ге жуық профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері спорт жарыстарына қатысты. Біздің кафедраның спорт күніне кафедра меңгерушісі, профессор Ш.А. Балғынбеков қатысты. Аға оқытушы Шыныбекова Ш.С., б.ғ.к. Кулжанова Д.К., магистр Нұркенов Т.Т., аға оқытушы Қайнарбаева А.Д. және оқытушылар Аскарова А.М., Жарылқасынова Ж.М., М.А.Башеновалар қатысты.
29.03.2017 жылы «Білім беру мекемелерінде аддиктивті жүріс-тұрысты алдын алу: жағдайы, мәселелері, келешегі» V i-конференциясы ұйымдастырылды.
Конференция жұмысына білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту саласының жетекші мамандары, білім беру саласы қызметкерлері, РФ Білім және ғылым мемлекеттік комитеті жанындағы денсаулық сұрақтары мен физикалық тәрбие сарапшы кеңесінің мүшелері, Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Латвия, Литва қоғамының өкілдері. Қазақстаннан бұл конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының ұжымы қатысты. V i-КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМАСТЫРУШЫЛАРЫ: 1. РФ мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитеті жанындағы денсаулық сұрақтары мен физикалық тәрбие сарапшы кеңесі 2. Ресей Федерациясының Білім және Ғылым министрлігі «Білім беруді дамыту Федералды институты» i-конференция РФ мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің қолдауымен өтті.
V i-конференциның қатысушыларына сәлем сөзбен пед.ғ.д., профессор, Ресей білім беру Академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясының Білім және Ғылым министірлігі «Білім беруді дамыту Федералды институты» Мәскеу қаласындағы кеңесшісі, РФ мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің сарапшы кеңесінің төрағасы, РФ еңбек сіңірген мұғалімі Харисов Фарис Фахразович ортаға шықты. Мед.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының жетекшісі Балгимбеков Шамшидин Абдуллаевич баяндама оқыды. Тақырыбы: «Абай атындағы ҚазҰПУ жастарының аддиктивті жүріс-тұрыстарын алдын алудағы тәжірибе» Абай атындағы ҚазҰПУ анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының магистранты Ж.М. Жарылкасынова «Жоо студенттерінің аддиктивті жүріс-тұрыстарындағы қозғалыс белсенділігі мен оның мәні» тақырыбында баяндама оқыды. i-конференция қатысушылары көптеген сұрақтардың шешу жолдарын талқылады. Соның ішінде денсаулықты және мінез-құлықты сақтау, дамыту және қалыптастыру, аддикцияны алдын алу саласындағы мемелекет саясаты. Қазіргі таңда аддиктивті мінез-құлық мәселесі наркомания, суицид және де басқа да аддикция түрлерінен көрініс табады.
i-конференция қатысушларының шешімдері: 1) рухани-адамгершілік, физикалық денсаулықты қалыптастыру және түрлі аддикцияны алдын алудың авторлық білім беру бағдарламаларын білім беру мекмелерінде қолдануға жағдай жасау 2) Федерация субъекттерінде, үлкен қалаларда денсаулықты сақтау және аддикцияны қолға алу саласындағы білім беру технологияларының сараптама жүйесін қалыптастыру. 3) білім беру бағдарламаларына қосымша кәсіби білім беру жүйесінің келесі модульдерін қосу: бала организімін дамыту, (жасаралық физиология және психофизиология); білім беру мекемелерінде санитарлы-гигиеналық талаптар; денсаулықты сақтаудың бастапқы медициналық білімі (медицина ғылымының негізі); білім беру саласындағы денсаулық сақтау педагогикасы және денсаулық сақтау технологиялары; білім беру саласындағы алғашқы көмек; психо-әлеуметтік аддикцияның қалыптасу қаупі және алдын алу.
Абай атындағы ҚазҰПУ анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасынан: 1.Балгимбеков Шамшидин Абдуллаевич, мед.ғ.д., профессор. Кафедра меңгерушісі. 2.Кунакбаев Амантай Сарсенович, мед.ғ.к., профессор. 3.Татаринова Галия Шаукенбаевна, биол.ғ.к., доцент. 4.Шыныбекова Шолпан Сахановна биол.ғ.к., аға оқытушы. 5.Кулжанова Дина Куанышовна биол.ғ.к.,аға оқытушы 6.Отарова Назгул Илиясовна магистр, аға оқытушы 7.Аскарова Айгерим Мирамбековна магистр 4.Жарылкасынова Ж.М., магистрант
2017 жылы 28-29 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «5В060700-биология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттер арасында пәндік олимпиада өтті. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтынан «5В060700-биология» мамандығының 3 курс студенттері Тұрғанбек Айтолқын, Нүсіпбек Зере, Байғұтты Альфия қатысты. Топ жетекшісі ретінде Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының аға оқытушы Д.У. Сексенова жетекшілік етті. CЕРТИФИКАТТАР
7 қазан 2016 жылы анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі қафедрасының доценттері К.И.Батырова, Б.К.Есимов, проф. М.Б.Жақсыбаев ұйымдастыруымен және кафедраның басқада қызметкерлерінің белсенді атсалысуымен Бүкіл әлемдік жануарларды қорғау күніне арналған Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинар Алматы хайуанаттар бағының базасында өткізілді. Семинарға Институт директорының орынбасары Н.Т.Манапов, биологиялық алуантүрлілікті сақтау бойынша Қазақстан ассоциациясы, ҚР БжҒМ зоология институтының қызметкерлері, Республика жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттер қатыстырылды. Семинарда шет елдерден келетін жануарлар мен тауарлардың биологиялық қауіпсіздігінің өзекті мәселелері (проф.Г.Д. Ильгекбаева), Алматы қаласының территориясында қанғыбас иттердің таралуын шектеу ( магистр Е.В.Матвеева), «Көлсай көлдері МҰТБ -тың биологиялық алуантүрлілігін сақтау бойынша (ж.ғ.қ П.А.Есенбекова) және т.б. көтерілді. Әсіресе, МКҚМ «Алматы хайуанаттар бағы» директоры К.С.Каримовтың «Жануарлардың сирек түрлерін сақтау ісінднгі хайуанаттар бағының рөлі» тақырыбындағы баяндамасын ерекше атап өтуге болады.
«ТІЛ - ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» апталығы аясында «Қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында «Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының профессор-оқытушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Тілдер күніне орай «Тіл - ұлт құндылығы» апталығын өткізуге белсенді түрде қатысты. 2016 жылы 21 қыркүйегінде кафедра ұжымы ұйымдастырған дөңгелек үстелде университет ардагері, алғаш рет ғылыми қазақ тілінде адам мен жануарлар физиологиясынан дәрістер курсын оқыған, оқулықтар жазған профессор И. М. Төленбектің «Қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың мәселелері» тақырыбында жасаған баяндамасы қызу пікір алмасуға жалғасты. Сұқбаттасу - кездесу институт ұжымы мен білім алушылардың қатысуымен және директорат пен университет тәрбие басқармасының мүшелерінің белсенді шақырылуымен жоғары деңгейде өтті. Исатай Мырзахметұлы өзінің баяндамасында өмір тарихының осы университетпен ғана ғылыми-педагогикалық творчествалық байланыста болып келгенін мақтанышпен, әрі үлкен қуанышпен жеткізіп айтып шықты. Білім алушылар мен шақырылған қатысушылар арасынан сөз алғанстуденттер мен институт ПОҚ профессор ағамызға берген ақпараттары мен қазақ тілі жайында жасаған және оның ғылым тіліне айналу үрдісіне қосқан үлестері туралы айтқандарына дән ризашылықтарын білдірді. Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі, профессор Ш.А.Балғынбеков қазіргі биологиялық, физиологиялық терминдердің қазақ тіліне аудармалардың жетіле түсуіне бағытталған ұсыныстары туралы баяндап берді. Дөңгелек үстелді өткізуге кафедра профессорлары А.С.Кунакбаев, А.М.Бабашев, доцент Г.Ш.Татаринова, аға оқытушылар Г.К.Ташенова, Ш.С.Шыныбекова, Нүркенов Т.Т., Отарова Н.И. қатысты. Институт әкімшілігінің атынан сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов көпшіліктің атынан алғыс айтып, анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының ұжымына, профессор И.М.Төленбекке ризашылығын білдірді.
Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы
2016 жылдың 25 ақпанында «Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» шеңберінде «Мектеп оқушыларының көру және есту қабілеттерінің бұзылуы» тақырыбында ашық семинар өтті.Семинар «ҚР педагог қызметкерлерінің деңгейлік біліктіліктілігін арттыру бағдарламасына негізделіп құрылған педагог кадрлардың дайындығын жүзеге асыратын студенттер мен жоо түлектеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын» зерттеу кезінде меңгергенілген технологиялармен өткізілді.
Кіші топтармен жұмыс сабақ өткізу түрінің бірі болып табылады. Студенттер диалог түрінде оқыту (зерттеу диалогы) арқылы сыни тұрғысынан ойлау әдісімен көру және есту сенсорлық жүйесіндегі ақауларды анықтап, толық сипаттамасын берді. Топтарда жұмыс жасау тақырыпқа байланысты білімін толықтырып, өз бетінше ақпаратты салыстыруға, танымдық әрекет барысында қарым-қатынас ептілігін жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Семинарды диалог түрінде, қарым-қатынастық бағытта өткізу тұлғаның эмоцианалды, интеллектуалды қасиетін дамытуға көмектеседі. Осындай тәсілдің нәтижесінде студенттердің ақпаратты қабылдауы және түсінуі оқытушының монологы мен ақпаратты тек дайын мәтін түрінде бергенге қарағанда тиімдірек. Аталған сипаттағы зерттеу диалогы оқушыларға бар білімін пайланауға, пікір алмасуға, алған мәліметті саралауға және қолдануға мүмкіндік береді. Сабақтың тақырыбын кеңірек ашу «Фишбоун» стратегиясын қолданатын диалог арқылы жүзеге асты. Объектің анализі мен оған әсер етуші факторлардың байланысының себеп-салдарын анықтау - аталған әдістемелік тәсілдің түп мақсаты. Әдіс ақпаратпен жұмыс істеу дағдысы мен мәселені шешу қабілетін дамытады. «Көру жүйесіндегі ақау» мен «Есту мүшесіндегі ақау» сұрақтарын талқылау барысында студенттер бұл мәселелерді жоюға, алдын алуға қызықты, тың ойлар айтты. Сенсор жүйелерінің бұзылуын алдын алу шараларының ойластырылуы студенттердің ақпарат, ой, сұрақ алмасуының нәтижесі болды. Баға беру жүйесін оқушылардың тек жетістігін өлшейтін құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар білім берудің сапасын арттыратын құрал деп қарастыру керек. Жеке тұлғаның қабілетін, жас ерекшелігін ескере отыра бағалау - жаңа заман талабы.
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының басты кілті педагогикалық рефлексия ұғымы.Оқушылардың рефлексиясын саралаудың нәтижесінде (feedback), аталған сипатта өткізілген семинарлар студенттерде жағымды эмоциялар тудырып, талқылнып отырған мәселенің теория және қолданбалылық тұрғысынан түсінуге мүмкіндік берді.
19.02.2016ж. Жаратылыстану және география институтында анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі, профессор Ш.А. Балғынбековтың жетекшілігімен «Сенсорлық жүйенің жас ерекшіліктері мен гигиенасы» тақырыбында кафедраның аға оқытушысы, б.ғ.к. Д.Қ.Құлжанова профессор-оқытушылар құрамына арналған оқу-әдістемелік семинар-тренинг өткізді. Аға оқытушы Д.Қ.Құлжанова аталған семинар-тренингті «Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы» бойынша Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен курстың тыңдаушысы ретінде тәжірибе бөлісу мақсатында ашық сабақ түрінде өткізді. Семинар-тренинг барысында білім берудің диалогтық оқыту әдісі қолданылып сабақ өткізілді.
Студенттер төрт топқа бөлініп, оқытушы берген тапсырмаларды бір-бірімен пікір алмаса отырып орындады. Әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдаланып, студенттер балалардың сенсорлық жүйесінің физиологиясы мен гигиенасы мәселелерінен қысқа баяндамалар жасады, берілген тапсырмаларға дайындаған постерлерін қорғады, бір біріне тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауаптар берді. Сабақ ортасында студенттер қысқа мерзімді (2-3 мин.) сергіту сәтін өткізіп, сабақтың екінші жартысындағы берілген тапсырмаларды зор ынтамен, жоғары белсенділікпен орындады. Семинар-тренинг соңында қатысушы профессор-оқытушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстар айтты. Осымен қатар, болашақ мұғалімдерге Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім беру саласындағы жетістіктерімен тереңірек танысып, инновациялық технологияларды игерудің маңыздылығын атап өтті. Сабақта өз білімдерімен белсенділік көрсеткен студенттер мен семинар-тренингті дайындап өткізген аға оқытушы Д.Қ.Құлжановаға ізгі тілектерін білдірді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаратылыстану және география Институтында 2015 жылдың 3 желтоқсанында анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы (меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Балғынбеков Ш.А.) университеттің тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, жыл сайын желтоқсан айының басында бүкіл әлемде аталып өтетін Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Жастар жаңа ғасыр індеті - АИТВ-ЖИТС-на қарсы!» студенттер мен профессор-оқытушыларға арналған семинар-акция өткізді. Акцияны Жаратылыстану және география Институты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов кіріспе сөзбен ашты. Сонан соң сөз алған кафедра меңгерушісі, профессор Балғынбеков Ш.А. АИТВ инфекциясының шығу тарихы, қазіргі кезде әлем елдерінде және Қазақстанда таралуы, жұғу жолдары және стигма, дискриминация туралы, оның адам психологиясына әсері, алдын алу және сақтану шаралары жөнінде қызықты слайдтар көрсетіп, баяндап берді. Баяндаманың соңында профессор Балғынбеков Ш.А. қатысушыларды АИТВ-ЖИТС жөніндегі білімдерін арттыруға, осы індеттің алдын алуға және оны жоюға бағытталған ғылыми негізделген заманауи тәсілдерді кеңінен қолдануға шақырды. Акцияға арнайы шақырылған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі ұлттық Орталықтың жетекші маманы, медицина ғылымдарының кандидаты К.К.Медеубаева студенттерге Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні туралы айтып берді. Осы күнді алғашқы рет 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған болатын. Ал 1996 жылдан бастап оны БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД (ЮНЭЙДС) бойынша Біріккен Бағдарламасы өткізіп келеді. Науқанның міндеті - қоғамның назарын АИТВ және ЖИТС мәселелеріне аудару, халықтың осы індет жөнінде ақпараттандырылу деңгейін арттыру, төзімді қоғамдық пікірді, ВИЧ-пен өмір сүретіндерге қатысты төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру, індетті алдын алуға арналған бағдарламаларға қолдау көрсету. Осыдан соң Ұлттық Орталықтың педагог-маманы Оразалиева Б.С., қатысушы студент жастармен интерактивті түрде қызу пікір алмасу өткізді. Пікір алмасу кезінде біздің университетте білім алушы жастардың ғасыр дерті туралы жан-жақты ақпараты бар екендігі анық көрінді. Акция соңында қатысушыларға АИТВ-ЖИТС туралы бейнефильм көрсетіліп, кітапшалар тарқатылды.
Анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының қалыптасуы мен даму тарихы
Анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі - медицина ғылымдарының докторы, профессор Балғынбеков Шамшидин Абдуллаұлы. С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын 1982 жылы үздік бітіріп, ары қарай ғылыми-зерттеу ұйымында және республикамыздың жоғарғы оқу орнындарында қызмет істеді.
Кафедра 1968 жылы құрылды. Кафедраның қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген меңгерушілер: доценттер Б.Х Бахтиозина, З.М.Алиакбарова профессорлар И.М.Төленбек, Д.Ж.Демеуов, Қ.С.Рымжанов, А.Т.Қанаев. Осы меңгерушілердің басқаруымен жоғары мектептің талабына сай жоғары білімді ұжым құрылды. Кафедра ұжымы 14 адамнан тұрады. Оның ішінде ғылым докторы, профессорлар - 2, ғылым кандидаты, профессорлар-3, ғылым кандидаты, доценттер - 2, доцент - 1, аға оқытушылар - 3, оқытушы - 1, аға лаборанттар - 2.
Кафедраның қазіргі уақыттағы ғылыми-педагогикалық бағыты, болашақ оқытушылардың біліктілігінің деңгейін жоғарлатумен байланысты.
Кафедра ПОҚ-ның БАҚ жарияланған материялдары
№
|
Ф И О
авторов
|
Дата
|
Название СМИ
|
Название статьи или выступления
|
1
|
Балгимбеков Ш.А.
|
08.10. 2013 г.
|
Телеканал «Казахстан-Павлодар»
|
Передача «Шипагер» на тему «Здоровое питание - залог долголетия»
|
2
|
Балгимбеков Ш.А.
|
Декабрь 2013 г.
|
Газета Клуб родителей Детки.kz
|
Статья «Милый пухляш или «толстая» проблема?
|
3
|
Балгимбеков Ш.А.
|
19.09. 2013 г.
№163 (1074)
|
Газета «Алашайнасы»
|
«Алаш баласының айтары»
|
4
|
Балгимбеков Ш.А., Толенбек И.М.
|
30.08.2013 г. № 159 (2314)
|
Газета «Айқын»
|
Статья «Қазақша оқулыққа қандай талап қажет?»
|
5
|
Балгимбеков Ш.А.
|
01.09.2013 г.
|
«Қазақ радиосы»
|
«Артық дене салмағы мен семіздіктің алдын-алу»
|
6
|
Балгимбеков Ш.А.
|
07.09.2013 г.
|
«Қазақ радиосы»
|
«Семіздік ауруының алдын алуда тамақтанудың маңызы»
|
7
|
Балгимбеков Ш.А.
|
16.01.2014 г.
|
«Қазақ радиосы»
|
«Дұрыс тамақтану- деннің саулығы»
|
8
|
Балгимбеков Ш.А.
|
27.03.2014 г.
|
«Қазақ радиосы»
|
«Сәбидің емшек сүтімен тамақтандыруы»
|
9
|
Балгимбеков Ш.А.
|
24.04.2014 г.
|
«Қазақ радиосы»
|
«Бір жасқа дейінгі балалардың тамақтануы»
|
10
|
Балгимбеков Ш.А.
|
15.05.2014 г.
|
«Қазақ радиосы»
|
«Жүктілік кезінде қалай тамақтанған дұрыс?»
|
11
|
Тұңғышбаева З.Б.
|
23.09. 2013 г.
|
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы.
|
Телепрограмма «Айтуға оңай...», передача на тему: «Темекінің ағзаға әсері»
|
12
|
Тұңғышбаева З.Б., Жұмабаев С.Ж.
|
2013, № 9, стр. 10-11.
|
Денсулық журналы
|
Статья «Темекі құрамындағы кадмийдің адам ағзасына әсері».
|
13
|
Толенбек И.М., БалғынбековШ.А.
|
№159, 2013 г.
|
Республиканская политическая газета «Айқын»
|
Статья «Қазақ тілінде оқулықтар жазуға қандай талаптар қойылғаны жөн».
|
14
|
Татаринова Г.Ш., Умерова Э.
|
28.08. 2013 г.
|
Газета «Пульс Сайрана».
|
Статья «Последствия курения кальяна».
|
15
|
Татаринова Г.Ш., Кунакбаев А.С.
|
№ 6(123), С. 3, 2013 г.
|
Газета «Абай Университеті»
|
Статья «Музыкальный наркотик - новый вид зависимости».
|
16
|
Нуркенов Т.Т.
|
08.02.2014 г.
|
Телеканал «Ел-арна»
|
Телепередача «Еркектің ісі бітер ме»,
|
17
|
Ташенова Г.К.
|
Июнь 2014 г.
|
Газета «Абай Университеті»
|
Статья «Еще раз о необходимости обучения молодежи культуре здоровья»
|
18
|
Бабашев А.М.
|
№ 2-3 (129-130), 2014 г.
|
Газета «Абай университеті»
|
Статья «Қызға қырық үйден тию»
|
19
|
Тунгушбаева З.Б.
|
08.02.2014 г.
|
Телеканал «Ел арна»
|
Телепередача «Ерлердің ісі бітер ме?»
|
20
|
Кунакбаев А.С., Татаринова Г.Ш.
|
№ 8. - С.2. - 2013 г.
|
Газета «Абай университеті»
|
Статья «О вреде насвая»
|
21
|
Кулжанова Д.К.
|
08.02.2014 г.
|
Телеканал «Ел арна»
|
Телепередача «Ерлердің ісі бітер ме?»
|
|