қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.04.2023

«Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасына қабылдау басталды

 

2023-2024 оқу жылында біріккен ғылыми жетекшілікпен диссертация дайындап жатқан 2 курстың 30 магистранты мен бес докторанты «Абай-Верн» стипендиясының иегері атана алады.

 

«Абай-Верн» стипендиясы магистранттар мен докторанттарға Франция университеттерінде француз немесе ағылшын тілінде білім алу үшін беріледі. Мамандық таңдау шектелмейді, жас шектеуі де жоқ. Үміткерлерде Францияның жоғары оқу орнына немесе ғылыми-зерттеу орталығына магистратура немесе докторантура бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала қабылданғаны туралы растау хаты болуы тиіс.

 

«Абай-Верн» стипендиясын жеңіп алған магистранттарға ай сайын 800 еуро, докторанттарға 1200 еуро көлемінде стипендия беріледі. Сондай-ақ стипендиаттар Франциядағы университет жатақханасында орындарды бөлу, тегін ұзақ мерзімді студенттік виза және француз әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тегін тіркелу бойынша артықшылықтарға ие болады.

 

«Абай-Верн» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады. Үміткерлерді іріктеуді Қазақстан-француз тәуелсіз комиссиясы жүргізеді. Конкурс нәтижелері 2023 жылдың шілде айының ортасында Францияның Қазақстандағы Елшілігінің сайтында жарияланады.

 

Толық ақпарат