қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.04.2023

Профессор А.Амированың шеберлік сабағы өтеді


2023 жылғы 24 сәуірде сағат 14-00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері Амина Амирова ҚР бірқатар жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірлесіп «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім алушыларына «Заманауи технологиялардың бастауыш білім беру жүйесіндегі әлеуеті» шеберлік сабағын өткізеді.

 

Шеберлік сабаққа қатысатын жоғары оқу орындары: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық унисерситеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты және Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №30 жалпы білім беретін мектеп.

 

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ бас ғимараты, 307 аудитория.