қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.04.2023

Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының форумы өтеді


2023 жылғы 6 сәуірде Педагогика және психология институтында мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының  2-ші курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру саласының жас мамандары: әдістемелік қолдаудың қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында педагогикалық форум өтеді.

 

Форумның мақсаты - жоғары оқу орны мен мектепке дейінгі ұйым арасында байланыс орната отырып, білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету, жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық  тәсілдерді қолдану аясында тәжірибе алмасу.  Форумға қатысушылар - Абай университетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері, меңгерушілер, әдіскерлер және мектепке дейінгі мекемелердің жас педагогтары.