қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.11.2018

«Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2018 жылы 15 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқу орнының 90 жылдығына орай «Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференцияның мақсаты - қазіргі және келешек ұрпақты әртүрлі аспектідегі қарым-қатынастар мен ынтымақтастықта,  әлем халықтарымен және мемлекеттерімен байланысын нағайту, көркем әдебиет, кинематография және спорт саласында, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми және шығармашылық ұжымдар арасында, жеке тұлғааралық қарым-қатынаста тәжірибемен алмасу және бүкіл адамзаттың қарқынды дамуында лайықты болашағын қалыптастыру үшін қажетті біліммен, жаңа құзыреттермен қамтамасыз ету болып табылады. 

 

Конференцияға ғалымдар, зерттеушілер, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ осы мәселелерді талқылауға мүдделі тұлғалар қатысты.

 

Университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов құттықтау сөзінде былай деді: «Бүгін Абай атындағы ҚазҰПУ - өзара түсіністік және ынтымақтастық қалыптастыруға арналған мәдениетаралық диалог алаңы. Қазақстанның «Мәдениеттер жақындастығының онжылдығы» бастамаларын іске асыру аясында университеттің ЮНЕСКО кафедрасында «Мәдениеттерді жақындастыру секторы» құрылды. Бұл сектор ғылыми және педагогикалық қызметтің барлық бағыттарында жұмыс істейді. Университетте оқу үдерісі үшін барлық қажетті бағдарламаларды қамтитын «Мәдениеттер жақындастығының өзекті мәселелері» арнайы курсының оқу-әдістемелік кешені әзірленуде».

 

Мақтағали Бектемесов кездесудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Мәдениеттер жақындастығының онжылдығының негізгі мақсаттары туралы және осы мақсаттарды бірқатар жоспарланған іс-шаралар арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Мәдениеттер жақындастығының онжылдығын жүзеге асыру жоспары төрт негізгі бағытты және сәйкесінше төрт негізгі тақырыпты қамтиды: мәдени, этникалық, лингвистикалық және діни алуан түрліліктің өзара түсіністігі мен өзара түсінігін дамытуға қолдау көрсету;ортақ құндылықтарды қалыптастыру негізін құру; сапалы білім беру мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәдениетаралық диалог принциптері мен ақпарат құралдарын тарату;тұрақты даму және оның этикалық, әлеуметтік және мәдени аспектілері бойынша диалогты нығайту.

 

Конференцияның құрметті қонағы және белгілі қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, ЮНЕСКО-ның өкілі Олжас Сүлейменов мәдениеттер диалогының тарихы барлық деңгейдегі тарихи қарым-қатынастар, мәдениет пен тілдердің өзара байланыстылығына терең негізделгенін айтты және: «Кезінде Кеңес Одағының жазушылары шетелге барып, кеңестік мәдениет пен әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосты. Мәдениеттер жақындастығының 10 жылдығын тойлау идеясы Қазақстанда басталғаны және оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдап отырғаны қуантады», - деді.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары жоғары білім сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйелерін біріктіру мәселелерін зерттеуге арналады. Сондықтан мұнда Мәдени мұраны сақтау саласындағы Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасында мәдени мұраны сақтаудағы мәдениет жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасының рөлі, қазіргі заманғы технологияларды дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері, ақпараттық қоғам және 4-ші өндірістік жаңғыру кезеңдегі мәдениет, спорт заманауи қоғамның мәдени мұрасы, материалды емес мәдени мұра жасөспірімдерді жалпыға ортақ ойды дамыту жағдайындағы тәрбиелеу құралы, мәдениетаралық байланыстардың мәселелері талқыланды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім