
  
Негізгі бет /
Хабарландыру
17.02.2023 «6D050200-Саясаттану» мамандығы бойынша кеңейтілген отырыс өтеді 2023 жылғы 28 ақпанда сағат 12.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында «6D050200-Саясаттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған Нусипова Арайлым Умарходжаевнаның «Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайдағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясаты» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады. 
 Кафедраның кеңейтілген отырысы оффлайн және онлайн форматта өтеді. 
 Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. 
 Қорғау тілі - қазақша 
 ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Алияров Есенжол Қаниұлы - саяси ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті (Алматы, Қазақстан); Тадеуш Дмоховский - PhD, профессор, Саяси ғылымдар факультетінің деканы (Гданьск университеті, Польша). 
 РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы - Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан); Мұқажанова Альмира Жапарқызы - саяси ғылымдарының докторы, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан); Нұрмұратов Серік Есентайұлы - философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты, Философия орталығының жетекшісі (Алматы, Қазақстан). 
 Абай университеті Сізді жоспарланған Zoom конференциясына шақырады. Zoom конференциясына қосылу: https://us06web.zoom.us/j/87367049500?pwd=ampyVFFaektpdWpoQmVTeDRaMU95QT09 
 Тақырып - «Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайдағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясаты». 
 Уақыт: 28 ақпан 2023 жыл, сағат 12:00, Алматы қ. 
 Конференция идентификаторы: 873 6704 9500 Кіру коды: 801492 
 Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, №10 оқу ғимараты (2-қабат, 207-кабинет). 
  |